18 наурыз 2017 | 15:15

Таразда үшем дүниеге келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үшем босанған Аида ата-әжесімен. Суреттер облыстық денсаулық сақтау басқармасынан Үшем босанған Аида ата-әжесімен. Суреттер облыстық денсаулық сақтау басқармасынан

Тараз тұрғыны бірден үш баланың анасы атанды, - деп хабарлайды KazINFO Today ақпарат агенттігі. Әскери қызметкер Мақсат Иманбеков пен 27 жастағы жары Аида Жебегенованың жанұясында осындай қуанышты жағдай болып отыр. 


Иконка комментария блок соц сети

Тараз тұрғыны бірден үш баланың анасы атанды, - деп хабарлайды KazINFO Today ақпарат агенттігі. Әскери қызметкер Мақсат Иманбеков пен 27 жастағы жары Аида Жебегенованың жанұясында осындай қуанышты жағдай болып отыр. 

Жаңа туған үшем олардың отбасындағы бірінші балалары, сонымен қатар, өңірде биыл бірінші рет үшем туған. Балалар мерзімінен бұрын дүние есігін ашқан, (жүктіліктің 30-шы аптасында) олардың салмағы 1400, 1490 және 1495 грамм. Облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлері тәуекелге барудан бас тартып, әйелге іштен жарып баланы алу әдісімен босандырған, жалпы барлық шара сәтті жасалған.

Жаңа туылған балаларға Дархан, Шерхан және Ерхан деген есімдер берілген. Қазіргі уақытта балалардың жағдайы жақсы, салмақ қосып, анасымен бірге ауруханадан шығуға дайындалып жатыр. 

Көпбалалы ананы Тараз қаласының әкімі Рүстем Дәулет арнайы құттықтауға келіпті. Ол осы жанұяға сыйлықтар беріп, ізгі тілектерін айтты. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети