02 шілде 2014 14:49

Тайваньда қос тұмсықты торай туылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Mirror.co.uk ©Mirror.co.uk

Тайваньның Юньлинь қаласында қос тұмсығы бар мутант торай туылды, - деп хабарлайды Mirror. 


Тайваньның Юньлинь қаласында қос тұмсығы бар мутант торай туылды, - деп хабарлайды Mirror. 

Торай сап-сау туылған, қос тұмсығының да жұмысы қалыпты. Бірақ оның қожайыны - 58 жастағы фермер Сюиң Ксой кемтар жануарды сатып жіберуді ұйғарған.

"Фермер болғандықтан, мұндай мутанттардың ұзақ өмір сүрмейтінін білемін. Әдетте мен оларды жайына қалдыратынмын, енді мұндай жануардың көмегімен жақсы табысқа кенелуге болатынын ойлап отырмын", - дейді Ксой. Оның айтуынша, екі жыл бұрын фермадағы шошқалардың бірі екі басты, сегіз аяқты торай туған. 

Мутант торай қос тұмсығының кесірінен енесін еме алмаған. Фермердің әйелі оны бөтелкемен қолдан емізіпті. "Басында мен сүтті оның қай аузына тамызарымды білмедім, бірақ кейін торайдың екі аузымен де сүт іше алатынын түсіндім", - дейді әйел.

Торайдың жаңа қожайыны - Цзяи қаласының тұрғыны оны көпшіліктің тамашалауына шығарғалы отыр. Егер торай ұзаққа бармай, өліп қалып жатса, оның суретін музейге тапсырмақшы.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети