Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Тележүргізуші британ премьеріне аузыңды жап деді

14 Мамыр 2014, 09:28
0
Сурет mirror.co.uk сайтынан алынған
Сурет mirror.co.uk сайтынан алынған

"BBC телеарнасының тележүргізуші Эндрю Марр Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмеронға "аузыңды жап" деді" деп  хабарлайды Tengrinews.kz Daily Mirror ақпарат құралына сілтеме жасап.

Тікелей эфирде жүріп жатқан The One Show бағдарламасының қонақтары "Боко Харам" исламдық радикалды топ жауынгерлерінің нигериялық 200 оқушы қызды ұрлап кеткенін талқылап жатқан. Бағдарлама соңында Марр "Болды, болды, Премьер-министр, аузыңызды жабыңыз, өкінішке қарай біздің уақытымыз бітті" деп салған. Сасқалақтап қалған Кэмерон, тұтығып, "Мен созып жібердім, кешіріңіздер" депті.

Басылымның мәліметінше, Кэмерон өзіне айтылған дөрекі сөзді естімеген болуы керек. Алайда бұл жағдайға куә болған бағдарламаның тағы бір қонағы, CNN-нің халықаралық тілшісі Кристин Аманпур ыңғайсызданып, камераға жалтақтай берген.

 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай