02 қараша 2016 16:38

Тимати қырғызстандық "мұңды" рэп оқитын жігіттің өнеріне тәнті болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тимати мен Кети Топурия қырғызстандық Данияр Тохтомамедовтың өнеріне тәнті болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Тимати мен Кети Топурия қырғызстандық Данияр Тохтомамедовтың өнеріне тәнті болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Рэп орындаушы Тимати мен "А-Студио" тобының солисі Instagram желісіндегі өз парақшаларында mc_doncha нигімен тіркелген қырғызстандық жігіттің видеоларын бөлісті. Жігіт қызына арнап өлең шумақтары мен ән жолдаған. Желіде бұл видео 40 мыңнан аса қаралған. 

"Первое свидание, ты помнишь. Мы сидели у себя в районе. Там мы ели лепешку с майонезом. Мы еще пили грамотный дюшес. Потом я сказал "Я тебя люблю", ты мне сказала "Я тебя не люблю". И я пошел плакать. Слезы текли направо, слезы текли налево..." , -делінген жігіттің орындауында.

Видеоның авторы Бішкек қаласының тұрғыны Данияр Тохтомамедов. 23 жастағы жігіт режиссер болып жұмыс істеген екен. Даниярдың айтуынша, монолог оның бұрынғы жүрген қызына арналған. Автор осы "мұңды рэпер" образын тағы да қолдануды ойлап отыр.

"Бір апта бұрын жазуға көштім. Рroduction-студияда жұмыс істейміз, роликтер түсіріп, аудио жазамыз. Өзім рэпер емеспін, кезінде КТК-да ойнағаным бар (...) Бұл маған ұнайды (...). Жігіттермен менің акцентімді айтып әзілдейтінбіз. Өмірде мүлдем ондай емеспін. Менің ата-анам оқытушылар, маған қарағанда көп оқыған", - деді ол Tengrinews.kz тілшісіне.

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети