25 тамыз 2016 14:30

Төрт аяқтап жүрген қыздың әрекеті алматылықтарды таңғалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Алматының орталығында куәгер 5-6 жастағы қыздың əрекетін видеоға түсіріп алды. Ол 28-панфиловшылар саябағының маңында мас күйінде кетіп бара жатқан ата-анасымен бірге жүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматының орталығында куәгер 5-6 жастағы қыздың əрекетін видеоға түсіріп алды. Ол 28-панфиловшылар саябағының маңында мас күйінде кетіп бара жатқан ата-анасымен бірге жүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қыздың əдеттен тыс əрекеті роликтің авторын қатты қызықтырған, автор олардың артынан саябақтан бастап аялдамаға дейін жүріп барған. Аялдамадан отбасымен жүрген қыз 126-шы автобусқа отырып кеткен. Қыз бала жолды адамдарша екі аяғымен өткен, алайда жолды өтіп болсымен ата-анасының айқайымен қыз төрт аяқтап қозғалуын жалғастырған. Автор болған жəйтті полицияға хабарлаған, алайда ондағылар автобустың артынан жүріп ер адам мен əйел адамның жəне біртүрлі баланың кім екендіктерін анықтай алмайтынын айтып, арыз жазуын
сұраған.

Психолог Оксана Гулактың айтуынша, балалардың арасында мұндай жағдайлар тұрмысы төмен отбасыларда кездеседі. "Біздің ойымызша, ата-аналары ішкіш отбасыларда тұратын балалардың мəселесі көп болады. Мысалы мен өзім көрген бір жағдайды айтып берейін. Ішімдікті көп ішетін бір отбасыда балалар мен үй жануарлары болды. Ол отбасыда балаларына қарағанда көбірек үй жануарларына көп көңіл бөлінетін. Сол себепті ата-анасынан жылу көрмеген бала олардың назарына ілігу үшін үй жануарларының əрекетін қайталайтын. Алайда біз мұның осы жағдайға қатысы бар-жоғын айта алмаймыз. Кей кезде балалар ойнап, ұқсағысы келіп, еліктеуі мүмкін, ең бастысы отбасында не болып жатқанын анықтау керек", - дейді Гулак.

Маманның айтуынша, бұл сирек кездесетін Юнер Танның синдромы болуы мүмкін. Бұл аурумен ауыратын адамдар төрт аяқтап жүреді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети