Түркістан облысының 70 жастағы қарт әже Мұхтабар Тораева туралы Қазақстанда ғана емес, шетелде де біраз талқыға салған. Күн сайын танымалдығы артып келе жатқанын қарт әже тіпті білмейді екен, - деп хабарлайды "Евразия" Бірінші арнасы.

Отандық БАҚ-та ерекше сақалы бар әйел туралы ақпараттар тарай бастаған уақытта, шетелдік ақпарат құралдары да жарыса жазған еді. Тіпті Мұхтабар әже туралы ол радикал топтың басшысы деп жазып, оның суретін жариялап қойған.
"Қалай сөйтіп жазуға болады?! Мен өмірімде ешқашан террористермен байланысып көрмегенмін, тіпті ол жерге барып та, көрмеппін. Олар болса мені террорист деп атап алған. Менің де бала-шағам, отбасым, көршілерім, туыстарым бар. Олардың алдында тіпті ұят", - дейді әжей.
"Сотқа берсем бе, әлде керек емес пе деп ойлап отырмын. Бірақ туыстарым бұл жалған ақпаратты көріп қатты ызаланды", - деп мәлімдеді ол.
Мұхтабар әжені өзінің туған ауылы Тұрбатта барлығы құрметтеп, әрдайым кеңесіне жүгінеді. Оның алты немересі, үш шөбересі бар. Мұхтабар әженің айтуынша, бетінде сақал өсуі тұқымынды бар екен. Мысалға, оның анасы мен әжесінде де болған екен. Бұл жағдай оларды еш ұялтпаған.
Дәрігерлердің айтуынша, зейнеткерді бетіндегі сақал тұқым қуалап өсіп кеткен және Мұхтабар әженің денсаулығында ешқандай норма бұзылмаған.