19 жастағы Айзада Хабиболлаева "Астана аруы - 2019" атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
19 жастағы Айзада Хабиболлаева "Астана аруы - 2019" атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бірінші вице- ару - Ханзада Әзірбай. Екінші орынды 23 жастағы Наталья Фетоденкова алды. Ал екінші орын 18 жастағы Қарлығаш Жанғаринаға бұйырды.
Нұр-Сұлтан қаласының ең сұлу аруы атағына 16 мен 24 жас аралығындағы 583 қыз қатысты.
Биылғы конкурс "Еріктілер жылы" аясында өтті. Әрбір финалист сынаққа дайындала отырып, волонтерлік қызметке белсенді қатысты. Қыздар өз қолымен шала туған сәбилерге арналған жүн шұлықтарын тоқыды. Сонымен қатар, олар балалармен бірге жаңажылдық ойыншықтар дайындады.
Жобаның финалистері қалалық қан орталығына барып, ерікті донор болды. Ол үшін барлық қыздар толық медициналық тексеруден өтіп, оның барысында салмағы, гемоглобин деңгейі және басқа да өмірлік көрсеткіштері бағаланды.
Қазылар алқасына мына тұлғалар кірді: астаналық "Астана аруы" байқауының қазылар алқасының төрағасы Серік Сәпиев, астаналық сән апталығының амбассадоры Дәурен Айқымбаев, Aida ESENALINA брендінің негізін қалаушы, имидж-стилист Аида Есеналина, "Қазақстан Студенттер альянсының" президенті Ілияс Түстікбаев, қазақстандық "Барыс" командасының қорғаушысы Виктор Сведберг, "Қазақстан аруы" ұлттық конкурсының директоры Алена Карбасова, "Қазақстан аруы - 2019" Мадина Батык, "Қазақстан аруы" ұлттық конкурсының әлеуметтік бағдарламалар директоры Совет Сейітов, "Жас Қанаттар" Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы төрағасының орынбасары Зарина Ақшолақова.