23 жастағы ару Қазақстан атынан Мысырда өтетін экобайқауға қатысады

ПОДЕЛИТЬСЯ

23 жастағы ару Қазақстан атынан Мысырда өтетін экобайқауға қатысады

Семейлік қыз Қазақстан атынан халықаралық "Ғаламның экология аруы 2017" байқауына қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, қазақстандық ару республика бойынша іріктеуге қатысқан 100 үміткердің арасынан суырылып шықты.

"Ғаламның экология аруы 2017" халықаралық байқауы БҰҰ, Мәдениет министрлігі және Мысырдың Туризм министрлігінің қолдауымен өткізіліп жатыр. Байқаудың ұраны - "Ғаламшарымызды бірге сақтайық". Байқауға 80 қыз қатысады. Ал Қазақстан атынан Семейдің 23 жастағы аруы Алуа Әзілханова қатысады. Ол қаладағы ЖОО-лардың біріндегі жастар саясатының тәрбие ісі жөніндегі маманы және кәсіби модель екен.

"Қыздарды іріктеу кезінде басты талаптар тек қыздың сырт келбеті мен білімі емес, сондай-ақ, қатысушылардың сұлулық байқауларынан алған тәжірибелері ескерілді, мысалы, адамгершілікғ ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеу. Ал Алуда бұл қасиеттердің барлығы бар", - деді модельдік агенттіктің директоры Айна Тоғысова.

Айта кетейік, халықаралық байқау Мысырда 1-15 сәуір аралығында өтеді. Байқаудағы басты кезең - арулардың ұлттық киімде, кешкі көйлектерде өнер көрсетуі. Сондай-ақ, байқауда арулар эко-костюмдерде шығуы тиіс.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети