Абайдың 250 өлеңін жатқа оқитын студент қыз "Павлодар аруы-2017" атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абайдың 250 өлеңін жатқа оқитын студент қыз "Павлодар аруы-2017" атанды Сания Темірханова. © Tengrinews.kz

19 жастағы студент қыз Сания Темірханова "Павлодар аруы-2017" атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

19 жастағы студент қыз Сания Темірханова "Павлодар аруы-2017" атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бірінші вице-ару атағын 16 жастағы Жазира Ермекеш алса, екінші вице-ару атағын 22 жастағы Ольга Матюхина алды.

Сания Темірханова Павлодардағы педагогикалық институттың филология факультетінде оқиды. Фитнеспен, каратемен айналысады, Абайдың 250 өлеңін жатқа оқи алады. Сондай-ақ, 19 жастағы ару қазақ тілінде өлеңдер жазады. Ал былтыр ол облыстық "Сен Сұлу" байқауында жеңімпаз атанған.

Байқаудың іріктеу кезеңіне 33 үміткер қатысқан. Ал финалға тек 10 қыз өткен. Айта кетейік, байқаудың финалына кіру ақылы болды. Билеттердің бағасы 5 000 -15 000 теңге аралығында болды.

Байқау ұйымдастырушыларың айтуынша, жиналған қаражаттың барлығы науқас он айлық қыздың еміне аударылады. Қызға Израильде ота жасату керек екен.


© Instagram

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети