19 жастағы студент қыз Сания Темірханова "Павлодар аруы-2017" атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
19 жастағы студент қыз Сания Темірханова "Павлодар аруы-2017" атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бірінші вице-ару атағын 16 жастағы Жазира Ермекеш алса, екінші вице-ару атағын 22 жастағы Ольга Матюхина алды.
Сания Темірханова Павлодардағы педагогикалық институттың филология факультетінде оқиды. Фитнеспен, каратемен айналысады, Абайдың 250 өлеңін жатқа оқи алады. Сондай-ақ, 19 жастағы ару қазақ тілінде өлеңдер жазады. Ал былтыр ол облыстық "Сен Сұлу" байқауында жеңімпаз атанған.
Байқаудың іріктеу кезеңіне 33 үміткер қатысқан. Ал финалға тек 10 қыз өткен. Айта кетейік, байқаудың финалына кіру ақылы болды. Билеттердің бағасы 5 000 -15 000 теңге аралығында болды.
Байқау ұйымдастырушыларың айтуынша, жиналған қаражаттың барлығы науқас он айлық қыздың еміне аударылады. Қызға Израильде ота жасату керек екен.
© Instagram