Алматыда шаштараздар мен визажистердің тұңғыш чемпионаты өтеді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фотосуретті байқауды ұйымдастырушылар ұсынды Фотосуретті байқауды ұйымдастырушылар ұсынды

Алматыда тұңғыш рет шаштараздар өнері, боди-арт, макияж, нейл-дизайн мен hair-тату (басқа декоратив өрнектер салу) бойынша чемпионат өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда тұңғыш рет шаштараздар өнері, боди-арт, макияж, нейл-дизайн мен hair-тату (басқа декоратив өрнектер салу) бойынша чемпионат өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда Сұлулық индустриясы қауымдастығы пайда болды, байқауды ұйымдастырушы - сол. Бірлестік басшысы - белгілі шаштараз Махмұджан Тұрсынның айтуынша, чемпионатқа кез келген адам қатыса алады. "Сұлулық индустриясы қауымдастығы бұған көмектесетін болады. Біз адамдарды чемпионатқа дайындаймыз", - деді Тұрсын. Ерекше біріншілік үшін Алматыға Еуропа мен АҚШ-тан шеберлер келеді. Қазір ұйымдастырушылар олармен келіссөз жүргізіп жатыр. 2015 жылдың мамырында өтетін чемпионаттың төрешілер корпусына шетелдік меймандар кіреді. 

Айта кетейік, Тұрсынның өзі 2013 жылы шаштараз өнері бойынша Еуропа чемпионатына қатысқан болатын. Ол "Шашты сәнді-озық үлгіде қию және пішінге келтіру" номинациясында өнерін көрсетіп, байқаудың қорытындысы бойынша үздік шаштараздардың ондығына енді. 

Ұйым басшысының айтуынша, шаштараздар, стилистер мен визажистер қауымдастығы Қазақстанда тұңғыш рет құрылып отыр. "Біз өзіміздің индустриямызды дамыту мен жылжытуға, нормативтер жасауға, сертификаттауға, біліктілікті арттыруға үлесімізді қосқымыз келеді", - дейді Тұрсын. Бірлестік осы өндіріс жұмысшыларының өзара көмегіне негізделетін болады. Қауымдастық келешекте сұлулық салондарына қызметкерлерді іріктеумен, оқу орындары түлектерін еңбекпен қамтумен, тиісті заң жобаларын жасаумен және сұлулық индустриясы кәсіпорындары мүддесін қорғаумен айналысуды жоспарлап отыр.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro