Алматылық студент қыз Үндістанда өткен сұлулық байқауында титул иесі атанды

12 Қараша 2018, 09:52
0
Әсем Есенгелдиева. © explicit_ph
Әсем Есенгелдиева. © explicit_ph

Үндістанда өткен Miss Asia 2018 халықаралық сұлулық байқауында Қазақстанның атынан шыққан Әсем Есенгелдиева Miss Asia Global титулын иеленді. Сонымен қатар, ару "Ең әдемі шаш" номинациясында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Байқау Үндістанның Кочин қаласында 2-10 қараша аралығында өтті. Биыл оған қатысуға және Азияның ең сұлу аруы атану үшін бақ сынасуға әлемнің 25 елінен қыздар барды.

Miss Asia сұлулық әлеміндегі ең беделді халықаралық байқау және ерекше шаралардың бірі болып есептеледі. Ол 1968 жылдан бері өтіп келеді. Бұл байқау Азия мен Еуропа мәдениеті арасындағы өзіндік ерекшелікке ие көпір сияқты. Шараның басты мақсаты - сымбат пен сұлулықтың тілі бүкіл әлемде бірдей екенін көрсету, құрлық бірлігін паш ету, әлемді ластаумен күресуде күш біріктіру, болашақ ұрпақ үшін ғаламшарды сақтап қалу.

Байқау қатысушылары үшін күрделі байқау аптасы өтті, әсерлі шаралар, жарыстар, ресми кездесулер, дефиле мен көрсетілімдер.

Титулдан бөлек, Әсем ұйымдастырушылардан ақшалай сертификат алды. Соманың белгілі бір бөлігін ару жергілікті балаларға бөлді, ол балалар шұғыл операцияға мұқтаж.

Әсем Алматыда тұрады және оқиды. Ол Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің үшінші курс студенті. Модельдік бизнесте тәжірибесі мол, бойы - 177 сантиметр.

Ару халықаралық Velada модельдік агенттік құрамында. Кей жылдары "Бәрінен де сен сұлу" аудандық және облыстық байқауларына қатысқан. Мына титулдардың иегері: "Іле ауданы аруы-2015", "Алматы аруы-2016" финалисі, "ҚазХҚжӘТУ аруы-2017. 75-жылдық сұлуы", "Парасат аруы-2017", "Топ-модель аруы-2017".

Халықаралық "ТМД аруы" сұлулық байқауында 16 елдің өкілі арасында "ТМД бірінші вице-аруы-2018" титулын иеленген.

Әсемнің айтуынша, ол Victoria's Secret құрамына кіруді армандайды, сол үшін бар күшін салып жатыр. Қыз бос уақытында садақпен атумен, ән айтумен айналысып, кітапты көп оқиды.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай