"Астана аруы" Қазақстанның атынан "Дүниежүзі аруы-2015" байқауына қатысады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана аруы" Қазақстанның атынан "Дүниежүзі аруы-2015" байқауына қатысады Айгерім Смағұлова. © Тұрар Қазанғапов

"Қазақстан аруы" ұлттық конкурсының дирекциясы "Дүниежүзі аруы-2015" конкурсында Қазақстанның атынан елордалық аруларды шығару туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әлемдік аренада ел абыройын "Астана аруы-2013" Айгерім Смағұлова қорғайды. 2015 жылы "Дүние жүзі аруы-2015" конкурсының финалы АҚШ-та 20 желтоқсанда өтеді.

21 жастағы Айгерім Смағұлова "Астана аруы-2013" титулының иегері. Сол жылы ол "Қазақстан аруы" байқауында елорданың атынан шығып, ТОП-7 қатарына кірген еді. Сонымен қатар, халықаралық конкурстарға қатысып, "Азия аруы" және "Top Model" титулдарын жеңіп алды. Айгерім Еуразиялық Ұлттық университетінде оқиды (4-курс), факультеті - Экономика, мамандығы: Менеджмент. Бос уақытында үлкен тенниспен айналысады, домбырада және фортепианода ойнайды және кітап оқиды.  

"Мен үшін "Дүниежүзі аруы-2015" сияқты абыройлы конкурста Қазақстанның намысын қорғау зор құрмет. Абыроймен өнер көрсетіп, елімізді, мәдениетімізді, дәстүрімізді лайықты түрде таныстыруға тырысамын. Қазір дайындалып жатырмын, қарашада 86 елдің қатысушыларымен бірге қарқынды дайындыққа көшеміз", - деді Айгерім Смағұлова.

Айта кетейік, "Дүниежүзі аруы" конкурсымен қатар "Әлем аруы" байқауы өтеді. Қытайда өтетін конкурста еліміздің абыройын "Қазақстан аруы - 2014" титулының жеңімпазы Регина Вандышева қорғайды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети