19 желтоқсан 2018 | 14:37

Астанада болашақ аналар арасындағы сұлулық байқауының жеңімпазы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© astana.gov.kz © astana.gov.kz

Астанада "Аяулы Ана" қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған болашақ аналар арасында сұлулық байқауының жеңімпазы анықталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Астанада "Аяулы Ана" қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған болашақ аналар арасында сұлулық байқауының жеңімпазы анықталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Болашақ аналар арасындағы сұлулық байқауы елордада алғаш рет өткізіліп отыр. Финалда 19 бен 35 жас аралығындағы тоғыз әйел бақ сынады. 31 жастағы Раушан Тілекуенова "Miss Аяулы Ана - 2018" байқауының жеңімпазы атанды.

Болашақ аналар байқау барысында шығармашылық қабілеттерін паш етіп, түрлі елдердегі жүктілік пен босану үрдісі туралы әңгімелеп, би билеп, ән айтып, кешкі көйлектердің үлгісін көрсетті.

Ұйымдастырушылар болашақ әкелер туралы да ұмытқан жоқ. Олардың баланы жаялыққа орау жылдамдығы сыналды.

"Біз жүктіліктің 28 аптасына дейінгі әйелдерді іріктеп алдық. Бірінші кезеңде болашақ аналар осы байқауға не үшін қатысқысы келетіні туралы мотивациялық хат жазды. Екінші айналымда олар өз туысқандарымен бейнеролик түсірді", - дейді акушер-гинеколог Айжан Ауанасова.

Қатысушылар соңғы жарысқа бір жарым ай бойы дайындалды. Болашақ аналар йогамен айналысып, вокалдық әрі хореографиялық шеберліктерін шыңдады. Байқау қорытындыларына сәйкес Раушан Тілекуенова байқаудың жеңімпазы атанды. Вице-мисс атағын Жұлдыз Шолақова мен Ғалия Сағым өзара бөлісті. Ал "Көрермен көзайымы" атағына Раушан Сатмағанбетова лайықты деп танылды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети