Астаналық оқушы қалай Balenciaga моделі болғанын айтып берді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видео кадры

Астаналық 18 жастағы оқушы Рахат Көшкінбаев сән әлеміндегі ең танымал брендтердің бірі - Balenciaga-ға қалай модель болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Астаналық 18 жастағы оқушы Рахат Көшкінбаев сән әлеміндегі ең танымал брендтердің бірі - Balenciaga-ға қалай модель болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Рахат Көшкінбаев Астанада дүниеге келген, №10 мектептің 11 сыныбында оқиды. Ол достарымен баскетбол, футбол және волейбол ойнағанды ​​ұнататын қарапайым мектеп оқушысы.

Бірақ бірнеше күн бұрын ол танымал Balenciaga сән үйінің көрсетіліміне қатысқан алғашқы қазақстандық болды. Рахат модельдік бизнеске 2021 жылы келген. Достары оған модель болып көруге кеңес берген.

"Достарым модельдік келбетім бар екенін, агенттікке бару керек екенімді айтты. Бастапқыда басқа агенттікке тіркеді, бірақ бір жыл бойы танымал және қызықты ештеңе жасамадым, сосын басқа модельдік агенттікке ауыстым. Жаңа агенттікпен келісім-шартқа отырдым, 4 күннен кейін Миланға қоңырау соқты. Осылай мансабым басталды", - деді астаналық оқушы.

2023 жылдың қаңтарында Рахат Balenciaga бренді оған қызығушылық танытқаны туралы хабарлама алған.

"Әрине, басында сенбедім, содан кейін маған барлық мәліметті айтып берді, мен таңғалдым, қатты қуандым. Balenciaga - менің сүйікті брендім, бұл жаңалық мені таңғалдырды.

Дайындыққа бір ай уақыт болды, денемді дайындап, ағылшын тілін үйрендім, шенген визасын алдым", – дейді ол.

1 наурызда қазақстандық Парижге барған. Ұшу, тұру, қалта және виза шығындарының бәрін танымал бренд көтерген.

"Бұл өмірімдегі ең бірінші көрсетілім болды және бірден Balenciaga. Маған басқа керемет брендтер де қоңырау шалады деп үміттенемін, агенттерім жұмыс істейді, олар нағыз кәсіпқойлар. Мен биыл тағы 4 көрсетілімге қатысқым келеді. Менің сүйікті брендтерім - Balenciaga, Diesel, Yves Saint Laurent, Maison Margiela және Rick Owens. Олардың біреуі орындады, төртеуі қалды", - деп бөлісті Рахат.

Balenciaga - 1917 жылы Испанияда негізі қаланған француз сән бренді. Бүгінде ол жоғары сапалы сәнді киімдер, аяқ киімдер, аксессуарлар мен парфюмерия ұсынатын сән әлеміндегі ең танымал брендтердің бірі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro