Аустралияда 27 жастағы топ-модель Роуз Беренджер өз күйеуі Шейн Кутберттің оған жиі қол көтеретінін айтты. Ол осы сөзінің дәлелі ретінде күйеуінің ашу үстінде оны ұрып-соққаны бейнеленген видеоны жариялады, - деп хабарлайды 9news.

Модель Роуз Беренджер. © Instagram
Оның күйеуі Шейн Кутберт. © Instagram
Бейнежазбада бикеш сүйіктісінен ұруын тоқтатуын сұрап, жылайды. Алайда жігіт оны қорлап, ұрып-соға береді. Ал сұлудың аяғы көгеріп кеткен.
Ескерту! Кадрларда зорлық әрекеттері бар!
Модельдің айтуынша, мұндай оқиғалар бір жыл бұрын, үйлену тойынан кейін басталыпты. Бастапқыда күйеуі оны шапалақпен ұрған, кейін одан да ауыр жазаларға көшкен. Ер адам оны қабырғаға соғып, шашын жұлып, зорлапты.
Роуздың айтуынша, ол өз үйінде өзін түрмеде отырғандай адам сезінеді екен. Ұрып-соғуымен қатар, озбыр күйеуі оның қайда жүргенін, кіммен телефон арқылы сөйлескенін бақылап, жұмысқа баруға рұқсат бермеген.