Ұлыбританиялық БАҚ-тар "ең сексуалдық қыз" деп бағалаған Оксана Невесёлая оқушы болып шықты. Бұл туралы белорус БАҚ-тары жазып жатыр. Ағылшын журналистері Минск қаласының 17 жастағы тұрғынын вирус роликтегі қызбен шатастырып алған.
Ұлыбританиялық БАҚ-тар "ең сексуалдық қыз" деп бағалаған Оксана Невесёлая оқушы болып шықты. Бұл туралы белорус БАҚ-тары жазып жатыр. Ағылшын журналистері Минск қаласының 17 жастағы тұрғынын вирус роликтегі қызбен шатастырып алған.
Айта кетейік, осыған дейін әлеуметтік желіде вирус ролик пайда болған еді. Оның кадрларында бір қыз тақтаға есеп жазып, оқушыларға сабақ түсіндіріп жатады. Бұл видео Желі қолданушыларының талқысына түсіп, көптеген көрілім жинап үлгереді. Осыдан кейін Интернет қолданушылары осы видеодағы қыздың Instagram-аккаунты деп, 17 жастағы оқушының парақшасын белгілей бастаған. Оқушыны қолданушылар атышулы роликтегі қыз деп ойлап қалған. Алайда оқушының өзі бұл видеода басқа біреудің тұрғанын айтқан. Бұған қарамастан, интернеттегілер енді белорус қызының сұлулығына тамсанып, аккаунтына кіріп жаппай жазылып жатыр. Оксана Невесёлая осылайша жұлдыз болып шыға келген. Қазіргі таңда қарапайым оқушы қызға 300 мыңға жуық адам жазылып қойған.
"Маған Facebok желісінде скриндері мен сілтемелері бар хаттар келе бастады. Олар 17 мыңнан лайк жинай бастады. Вирус роликтегі қыздың басқа біреу екенін талай айттым, бірақ пікірлер қаптап кетті", - деді оқушы қыз.
Айтпақшы, көп мақтаған қыз өз пәнінен озат болмай шықты. Матемитикадан ол "жеті" деген бағаға оқиды (Беларусьте баға 10 балдық жүйемен қойылады - Авт).