12 желтоқсан 2016 | 00:11

Белгілі тележүргізуші "Қазақстан аруы" конкурсының орнына "Қыз сыны" байқауын жаңғыртуды ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақстан аруы-2016" байқауы. © Тұрар Қазанғапов "Қазақстан аруы-2016" байқауы. © Тұрар Қазанғапов

Белгілі тележүргізуші әрі продюсер Асхат Садырбай "Қазақстан аруы" байқауының орнына "Қыз сыны" конкурсын ұйымдастыруды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.


Иконка комментария блок соц сети

Белгілі тележүргізуші әрі продюсер Асхат Садырбай "Қазақстан аруы" байқауының орнына "Қыз сыны" конкурсын ұйымдастыруды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Асхат Садырбайдың айтуынша, қазақ қыздарын іш киіммен әлемге көрсету дұрыс емес. 

"Miss Kazakhstan байқауына қос қолдап қарсымын. Оның бізге түкке де пайдасы жоқ. Іш киіммен әлемнің саxнасына шығып әдемі ару деген атаққа таласу не теңіміз? Қазақ қызының сыр тартар сұлулығы, әдемілігі талайларды баяғыда-ақ таңқалдырған, мойындатып қойған, қазір де шетелден келгіштеп кеткендер оны қайта-қайта айтып мойындап жүр ғой. Сонда қаракөздеріміз несімен сұлу деп бір сәт ойланып көріңізші. Олар тазалығымен, пәктігімен, инабаттылығымен, ибалылығымен, тәрбиесімен, мәдениетімен сұлу. Біздің қыздар -біздің қарындастарымыз, әпкелеріміз, аналарымыз, құдаша-балдыздарымыз, қайынбике-жеңгелеріміз. Ойланайық. Оларға купальник кигізіп саxнаға шығарып абырой таппаймыз. Мисс Казаxстансыз-ақ барлық қыз әдемі, барлығы бас жүлдеге лайық", - дейді ол.

Айтуынша, бұл сұлулық байқауының ар жағында қандай саясат жатқаны "бесенеден белгілі". "Доғармасақ тектілігімізге сын. Тегі байқаусыз болмайды десеңіздер өзіміздің баяғы "Қыз сыны" деген жап-жақсы байқауды жаңа форматта қайта жаңғыртуға болады. Жылда осы, қатысатын қазақ, оны кітап оқымайды, надан деп мазақ ететін де қазақ. Оларға күлгенше жағдайды түзейікші. Жастардың, әсіресе әдемі қыздардың қоғамдағы рөлі Мисс Казаxстанмен шектелмейтінін ұғындырайықшы, түсіндірейікші ерте бастан, мектеп жасынан жақсыға үйретейікші, кітапқа қызықтырайықшы. Ал, мынау арсыздықты доғарайық. Қазір күлкіге қалған да , оған күлген де ұялмайтын заман болды ғой. Ондайға құлақ үйренді, енді ет өлмесін. Есімізді жияйық. Сынай бергенше бір адам болса да тамшыдай үлес қоссын. Өзімізді өзіміз ғана түзейміз. Өзгенің оған басының ауырғаны қанша?!", - деп жазды ол парақшасында.

Айта кетейік, кеше "Қазақстан аруы-2016" байқауы болып өткен еді. Байқау өтіп жатқан кезде қазылар алқасының мүшесі, шоумен әрі жүргізуші Әнуар Нұрпейісов "Қазақстан аруы-2016" қатысушыларын сынап тастаған еді. Нұрпейісов қыздарды сұлулық байқауларынан гөрі білім конкурстарына ден қоюға шақырды. "Қыздар, сіздердің сұлулық байқауларына қатысуларыңыз, мына фейк-қастарыңыз, фейк-нөмірлеріңіз... Білімге ұмтылыңыздар! Біліммен, іспен жарысыңыздар", - деген еді ол байқау кезінде. 

Еске салайық, "Қазақстан аруы-2016" атағын қызылордалық Гүлбану Әзімхан жеңіп алды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети