17 жастағы студент қыз Арай Серікбаева "Атырау аруы-2014" атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 12 сайыскер қатысқан сұлулық байқауының финалы 3 қарашада Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде өтті.
17 жастағы студент қыз Арай Серікбаева "Атырау аруы-2014" атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 12 сайыскер қатысқан сұлулық байқауының финалы 3 қарашада Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде өтті.
Жеңімпаз ару Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің журналистика факультетінің бірінші курсында оқиды. Арай Серікбаева "Атырау аруы" байқауына екі жыл бұрын да қатысқан, бірақ жеңімпаз атана алмады. "Содан кейін менде байқауда жеңіп шықсам деген арман пайда болды. Байқауға екі жылдай дайындалдым, модель мектебіне бардым, шешендік өнер тренингінен тәлім алдым", - дейді қыз.
Байқауда "І вице-ару" атағы Ботагөз Аралқаеваға, екінші жүлде Алина Дихтяренкоға, ал үшінші орын Әлия Сәнжановаға бұйырды.
Енді "Атырау аруы-2014" Арай Серікбаева Ботагөз Аралқаева екеуі 28 қарашада Алматыда өтетін "Қазақстан аруы" республикалық байқауына қатысады. Айта кетейік, 2014 жылы байқауда жеңімпаздар тұңғыш рет онлайн және SMS дауыс беру арқылы анықталады. Байқаудың финалында Марат Оралғазин, Әли Оқапов, Салтанат Бекжігітова, Луина, Илья Ильин сияқты танымал адамдардан тұратын қазылар алқасы ең үздік үш аруды таңдайды. Бұдан соң тікелей эфирдегі дауыс берудің нәтижесінде "Қазақстан аруы" атағына лайық сайыскер белгілі болады.