Шетелдік танымал модельдер қазақстандық киім брендінің жарнама ролигіне түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шетелдік танымал модельдер қазақстандық киім брендінің жарнама ролигіне түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Промороликке төрт модель түскен, олардың бірі Lucifer лақап атымен танылған Каан Алкан. Ол Calvin Klein, GQ, Vogue, Nike және басқа да әлемдік танымал брендтердің моделі. Сондай-ақ, роликтен сербиялық модель Софи Джекичті, түркиялық актер әрі әнші Ведэта Бехара және бразилиялық модель Марина Макембаны көруге болады.
Жарнамалық роликтің түсірілімі Ыстамбұлда екі күнге созылды. SabyrzhanAyrin киім брендінің құрылтайшысы Рүстем Ермекбай жұлдызды модельдерді қалай шақырғанын айтып берді.
"Каан Алканды біз таныс арқылы шақырдық. Бізге оның Calvin Klein, GQ, Vogue, Nike сынды брендтердің моделі екенін айтқанда, сенбестік таныттық. Ол қарапайым жігіт, онымен жұмыс істеу ыңғайлы. Өз ісінің шебері. Түсірілім кезінде қалай түсіру керектігін және қандай локация тиімді болатынын айтып отырды. Соның арқасында ролик батыстағыдай шықты. Ол роликке түсуге өзінің қызы - сербиялық модель Софи Джекичті шақырды. Актер Ведэта Бехараны да таныстар арқылы таптық. Марина Макембаны біз арнайы шақырттық, себебі бізге африка ұлтының түр-әлпеті қажет болды", - деді қазақстандық.
Рүстем Ермекбай жары Мөлдір Алмасбекпен бірге 2013 жылы SabyrzhanAyrin брендін жасап шығарды. Бренд олардың қызы Айриннің есіміне байланысты қойылған.
"Біздің киім әрлі әрі сапалы. Қандай еңбек атқарғанымды қазір ғана сезіп отырмын, мен Өзбекстанда дүниеге келген қазақпын. Осы кәсібімді бастайтын кезде қалтамда небәрі 30 мың теңге болған еді. Бүгінде біздің киім танымал бола түсті. Бізде жейделердің, жемпірлердің түрі өте көп, әр түрлі түсте және жазулары да бөлек", - дейді Рүстем.
© Рүстем Ермекбай