Дәрігерлер "Қарағанды аруы-2016" Мария Пятинаға "Қазақстан аруы-2016" Ұлттық конкурсына қатысуын жалғастыруға рұқсат бермеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі конкурстың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

30 қараша кешкісін Мария Пятина өткір аппендицит болуы мүмкін деген күдікпен Астананың № 1 қалалық ауруханасына жеткізілгені хабарланған. Ауруханада дәрігерлер диагнозды растап, қызға шұғыл түрде ота жасалған. Операция сәтті өткен. Қазір Мария өзін жақсы сезініп отыр, дегенмен, дәрігерлердің сөзінше, оған оған ауыртпалық салуға болмайды.
"Қазақстан аруы" конкурсы дирекциясының мәліметінше, Мария Пятина конкурсқа 2017 жылы алдын ала кастинг және аймақтық турларсыз-ақ қатысады.
Еске салайық, "Қазақстан аруы-2016" Ұлттық конкурсының финалы 10 желтоқсан күні Астанадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында өтеді.
"Қарағанды аруы-2016" Мария Пятина