14 желтоқсан 2016 | 16:33

Динара Сәтжан мен Әнуар Нұрпейісов желіде сұлулық байқауына байланысты дауласты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тележүргізуші Динара Сәтжан мен актер әрі шоумен Әнуар Нұрпейісов әлеуметтік желіде "Қазақстан аруы" сұлулық байқауына байланысты дауласты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, Әнуар Нұрпейісов байқау кезінде қазылар алқасының мүшесі бола отырып, қыздардың әдеби білімінің жоқтығын айтып, сынап тастаған еді.


Иконка комментария блок соц сети

Тележүргізуші Динара Сәтжан мен актер әрі шоумен Әнуар Нұрпейісов әлеуметтік желіде "Қазақстан аруы" сұлулық байқауына байланысты дауласты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, Әнуар Нұрпейісов байқау кезінде қазылар алқасының мүшесі бола отырып, қыздардың әдеби білімінің жоқтығын айтып, сынап тастаған еді.

"Әнуар сұлулық байқауларына емес, суперинтеллектуал қыздармен бірге кітапханаларға баруы керек. Конкурстың аты да сұлулық деп тұр, білім байқауы емес! Әлде біз оның ориентациясына күмән келтіре бастайық па?", - деп жазды Сәтжан Facebook желісіндегі парақшасында.

Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында тележүргізуші "Әнуар өзіне назар аударғысы келді" деп пікір білдірді.

"Бұл сұлулық байқауы, білімнің емес, біз осындай сұрақтарды спортшыларға, боксшыларға қоймаймыз ғой. Тақырыбының өзінде айтылып тұр емес пе? Барлық қатысушы мектеп бағдарламасын оқыған, мектепте барлығымыз классиканы оқыдық. Мәселе басқада, Әнуар конкурстың ұйымдастырушыларына қатысты әдепсіз қылық көрсетті, меніңше, бұл дұрыс емес. (...) Тып-тыныш отырып, сосын микрофонды алуы. Мәселе кітапта емес, ол барлық қызға "Сендер барлығың ақылсызсыңдар, кітап оқымайсыңдар, кірпік өсіріп, еріндеріңді ісіресіңдер" дейді. Мен оның әрекеті жайлы айтып отырмын, бұл ерге тән мінез емес. Бұл PR-қадам, Әнуарды талқылап жатқанымызға қанша күн өтті. Ешкім Қазақстан аруынан сұхбат алмайды, оның ата-анасы кім, қалай өмір сүріп жатыр дегендей. Ол осыны қалап, қол жеткізді. Ол қасақана осылай жасады. Неліктен бұл мәселе мені ғана толқытып отыр?", - дейді Динара Сәтжан.

Ал өз кезегінде Әнуар Нұрпейісовтың айтуынша, жалпы мәселелерді талқылап жатқан кезде жеке басқа өтудің жолын кесу керек. 

"Сабырмен айтсақ, ориентацияң жайлы жеке мәселелеріңді айта бастағанда мұндайға жауап беру керек және мұндайдың алдын алу керек, - дейді шоумен Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында. - Динара өзіне қарсы шығып отыр, ал мен оған жауабымды нақты бердім".

Әлеуметтік желілерде Әнуар қазылар алқасы қатысушыларды бағалай алмаса, сұрақ қоятын кезеңді ұйымдастырудың қажеті не дейді.  

"Қыздар шықсын да, үндемей тұра берсін. Видеоға қарағанда, сіз менің (ешкімге қажет емес) "сарапшылық" пікіріме қарсы сөзіңізде өзіңізге өзіңіз қарсы шығып отырсыз. Біле білсеңіз, Динара Сәтжан, мен қыздармен конкурсқа бармаймын, қатысушыларды ішкі және сыртқы сұлулығы бойынша бағалауға келдім. Менің ориентациям өзіне соншалықты назардың ауғанына масаттанып, уайымдамауын сұрайды", - деп жауап берді Нұрпейісов Facebook желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, кеше "Қазақстан аруы-2016" байқауы болып өткен еді. Байқау өтіп жатқан кезде қазылар алқасының мүшесі, шоумен әрі жүргізуші Әнуар Нұрпейісов "Қазақстан аруы-2016" қатысушыларын сынап тастаған еді. Нұрпейісов қыздарды сұлулық байқауларынан гөрі білім конкурстарына ден қоюға шақырды. "Қыздар, сіздердің сұлулық байқауларына қатысуларыңыз, мына фейк-қастарыңыз, фейк-нөмірлеріңіз... Білімге ұмтылыңыздар! Біліммен, іспен жарысыңыздар", - деген еді ол байқау кезінде. 

Еске салайық, "Қазақстан аруы-2016" атағын қызылордалық Гүлбану Әзімхан жеңіп алды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети