Оңтүстікафрикалық Деми-Ли Нел-Питерс (Demi-Leigh Nel-Peters) "Дүние жүзі аруы-2017" атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі байқаудың Twitter желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап.
Оңтүстікафрикалық Деми-Ли Нел-Питерс (Demi-Leigh Nel-Peters) "Дүние жүзі аруы-2017" атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі байқаудың Twitter желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап.
Байқаудың финалы Лас-Вегаста өтті.
Байқау жеңімпазы Деми-Ли Нел-Питерс 22 жаста. Ол бизнес және менеджмент факультетін бітірген.
Жеңімпазға тәжді былтыр өткен байқаудың жеңімпазы - француз аруы Ирис Миттенар берді.
Айта кетейік, финалға 89 елдің аруы қатысты. Жеңімпазға ақ алтыннан, асыл тастармен және гауһар тастармен әшекейленген тәж берілді.
© REUTERS
Congratulations to Demi-Leigh Nel-Peters, the winner of the 2017 #MissUniverse competition! pic.twitter.com/JYuQYc3Lvo
— Miss Universe (@MissUniverse) 27 ноября 2017 г.