04 желтоқсан 2018 14:25

Елорда сұлулары. "Астана аруы - 2018" финалистерінің суреттері

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz фотоколлажы © Tengrinews.kz фотоколлажы

"Астана аруы - 2018" байқауының финалына дайындық шаралары басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Астана аруы - 2018" байқауының финалына дайындық шаралары басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кастинг 24 қарашада өтті. Астанада өткен іріктеу кезеңіне келгендер саны бойынша рекорд орнатылды. Қазылар 500 үміткерден 20 қызды таңдап алды. Айта кетейік, Астанада қазылар алқасының төрайымы Гауһар Рахметалиева болды ("Қазақстан аруы - 2006").

Финалға өткен 20 қыз қызу дайындыққа көшті. "Астана аруы - 2018" байқауы 12 желтоқсанда елорданың 20 жылдығына орай ұйымдастырылуда. Қыздар әлеуметтік, спорттық және қайырымдылық шараларына қатысады. 

Финалға өткен 20 қыз:

1. Сейфулла Еркеназ, 17 жаста. Қазақ технология және бизнес университетінде "Дизайн" мамандығы бойынша білім алып жатыр.

2. Әйгерім Баязи, 20 жаста. Астана университетінде оқиды.

3. Влада Белая, 19 жаста. Мәскеу мемлекеттік университетінің қазақстандық филиалы.

4. Аяулым Мұхаметхан, 20 жаста. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті

5. Александра Беглова, 22 жаста. "Наз" мемлекеттік би театрында жұмыс істейді.

6. Сәния Мерғалиева, 21 жаста. Нәрікбаев атындағы KAZGUU. 

7. Айсұлу Жарасбаева, 18 жаста. Гумилев атындағы ЕҰУ журналистика және саясаттану факультетінде оқиды. 

8. Диана Ыдрысова, 21 жаста. KAZGUU, құқықтану.

9. Сәлима Қабжанова, 21 жаста. Екатеринбург қаласында оқиды, Орал мемлекеттік экономикалық университеті, әкімші болып жұмыс істейді.

10. Зарина Нұрышева, 21 жаста. Prima Vera сән агенттігінде жұмыс істейді. 

11. Жанель Ташева, 16 жаста. Ғылыми-инновациялық лицейде оқиды

12. Назерке Сүлеймен, 22 жаста. "Астана" дипломатиялық клубында заңгер болып жұмыс істейді.

13. Карина Қожағұлова, 16 жаста. Т. Айбергенов атындағы № 16 орта мектеп. 

14. Аида Төлеубекова. Қазақ ұлттық университетінде білім алады. VIVA шоуында жұмыс істейді. 

15. Әсел Байжан, 19 жаста. Еуразия гуманитарлық институтының колледжін тәмамдаған. "Аударма ісі" факультеті. 

16. Мадина Амандықова, 20 жаста. Өзінің жеке кәсбімен айналысады. 

17. Махаббат Ілиясова, 20 жаста. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ, "қаржы" мамандығы бойынша білім алады.

18. Гауһар Нартаева, 18 жаста. Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінде оқиды.

19. Айжан Алтынбек, 21 жаста. "Жолаушылар тасымалы Филиал Экспресс" АҚ жолсерік болып қызмет етеді.

20. Әсел Абдулова, 22 жаста. Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің студенті. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети