1. Басты
  2. Біл
  3. Өмір
  4. Мәнер

Ғаламның ең сұлу әйелдерінің бірі Қарағандыда тұрады 06 қаңтар 2015, 16:41

Элина Федоренко Қытайдың Шэньжэнь қаласында күйеуге тиген әйелдер арасында өткен "Жер шары ханымы" байқауында "Жыл келбеті" атанды.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

©nv.kz ©nv.kz

Қарағанды қаласының тұрғыны Элина Федоренко желтоқсан айында Қытайдың Шэньжэнь қаласында күйеуге тиген әйелдер арасында өткен "Жер шары ханымы" ("Mrs. Globe – 2014") байқауында "жыл келбеті" ("face of the year") атанды, - деп хабарлайды Nv.kz ресурсы.

Байқауда Оңтүстік Африка Республикасынан келген қатысушы Риана Муни жеңімпаз атанды. Отандасымыз ең сұлу 15 әйелдің қатарына кірді. "Осы жылы жақсы өнер көрсетуімнің сыры өзіме деген, арманыма деген сенімнен деп ойлаймын", - дейді Федоренко. Оның айтуынша, Қазақстан атынан бұл конкурсқа қатысуға шақырту қағазын оған байқаудың президенті Трейси Кэмбл жіберген.

"Ол мені барлық кастингтерге қатыспай-ақ, тікелей келуімді сұрады. Мұның тағдырдың сыйы екенін түсіндім, лайықты өнер көрсетуім керек деп ойладым! Және бұл менің қолымнан келді. Ойдың іске асатынына тағы да бір рет көз жеткіздім, армандар орындалады", - деді қатысушы.

Айта кетейік, Элина әлемдік деңгейдегі байқауларға тұңғыш рет қатысып отырған жоқ. Бірақ ол былтыр жеңіске жете алмады. Дегенмен қарағандылық әйел еңсесін түсірмей, тағы да қатысып көрді.