Ирина Шейктің босанғаннан кейінгі суреттері қолданушыларды таңғалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ирина Шейктің босанғаннан кейінгі суреттері қолданушыларды таңғалдырды © Glamurchik

Ресейлік супермодель Ирина Шейк көптеген қолданушыларды өзінің сымбатты денесімен таңғалдырды. Ол босанғаннан кейін бірнеше апта өткен соң Instagram желісіндегі парақшасында суреттер жариялады, - деп жазады NY DailyNews. 

Суретте 31 жастағы модель қара түсті іш киім киіп, үрмелі матраста жатыр. Суреттің астына Ирина #currentsituation (қазіргі қалпым) хештегін қалдырған. Алайда қолданушылар бұл суреттің жаңа екеніне күмән келтірді. 

Қолданушылар суреттің сипаттамасына пікірлер қалдырған. Көптеген адамдар модельдің аз уақыт ішінде қайта қалпына келгеніне сенбестік білдіріп, "Ол өзі босанған ба?", "Мүлдем жүкті болмаған секілді", "Өте әдемі!", "Ирина, көріктісің!" деген пікірлер жазып жатыр. 

Кейбір қолданушылар Шейктің денесінен Кесарево тілігінің іздерін байқағанын жазды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети