18 мамыр 2016 | 10:54

Иван Дычконың әйелі кардиган сатуды қолға алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарының жеңімпазы Иван Дычконың әйелі Марина Дычко тоқылған кардигандарын көпшілікке таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарының жеңімпазы Иван Дычконың әйелі Марина Дычко тоқылған кардигандарын көпшілікке таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Марина негізгі бағдарламаға қатыса алмады. Ол өз жұмыстарын сән апталығында сауда алаңындағы шоу румда таныстырды.

"Мен бұл іспен жақында ғана, 2016 жылдың наурызында айналыса бастадым. Дегенмен ыңғайлы дүниелер жасауды бұрыннан ойлап жүрген едім. Кардиганды таңдаған себебім, киімнің бұл түрі біздің солтүстікте жылдың барлық мезгілінде керек болады. Тіпті жаздың өзінде жылы киім киетін кездер болады", - дейді Марина.

Жас дизайнер кардиганмен тоқтағысы келмейтінін де айтты. Ол ерлерге, әйлдерге, сонымен қатар балаларға арналған тоқылған киімдердің топтамасын жасағысы келеді екен. Ол барлық үлгіні өзі ойлап табады, сосын оны кәсіби мамандарға тоқытады. Маринаның қолынан тоқу өнері келгенімен, қазір ол бос уақытын кішкентай баласына арнайды екен.

Марина өз өнімдерін қазақстандық нарыққа шығарғысы келгенімен, негізгі өндірісті өздері тұрып жатқан Қостанай облысынан басқа жаққа апаруды жоспарлап отырған жоқ.

"Мен процесті үнемі бақылап отырғым келеді. Біз Рудныйда тұрғандықтан, өнеркәсіп те осында болады. Егер көшіп жатсақ, өндірісті де ала кетемін. қандай жағдай болмасын, киім қолмен тоқылатын болады, себебі, менің ойымша, машинамен тіккен киім ыңғайлы болмайды. Қазақстанда отандық брендтер әзірше танымал емес. Дегенмен бір күні оған да жетеміз деп ойлаймын. Мен осы үшін тырысамын", - деді ол.

Оның айтуынша, сән апталығы кезінде сатушылар келіп, одан Иван Дычкомен туыстығы жөнінде сұраған екен. "Жақын тусы екенімді айттым. Дегенмен мен күйеуімнің танымалдығын пайдаланғым келмейді", - дейді ол.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети