20 наурыз 2019 10:24

"Қазақ аруы - 2019" байқауында павлодарлық қыз жеңіске жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада "Қазақ аруы - 2019" байқауының жеңімпазы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Елорда Инфоға сілтеме жасап.


Астанада "Қазақ аруы - 2019" байқауының жеңімпазы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Елорда Инфоға сілтеме жасап.

Финал 19 наурызда Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. "Қазақ аруы" атану үшін еліміздің түрлі облысынан 18 қыз бақ сынасты. Бұл жобаға қатысу үшін қыздардың көрікті, шашы ұзын болуы ғана емес, қазақ халқының салт-дәстүрлерін білуі қажет. Негізгі талаптардың бірі - мемлекеттік тілді еркін меңгеру.

Биыл байқауға Павлодар облысының атынан шыққан Сәния Темірханова жеңімпаз атанды. Айта кетейік, былтыр ол республикалық сұлулық байқауында Павлодар қаласының намысын қорғаған болатын. Бірінші орынды Қарағанды облысынан қатысқан Айханым Орынбекова еншіледі, ал екінші орынды астаналық Анна Вайдурова алды. Үшінші орын Павлодар облысының тағы бір қатысушысы Сая Тұрсынбековаға бұйырды.

Сәния Темірханова, Павлодар облысы

Байқаудың бағдарламасы үш кезеңнен тұрды - шығармашылық, зияткерлік және қазақстандық дизайнерлердің киімімен жүріп өту.

Байқау барысында қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Айкүміс Қанат пен Сәния Темірханова Мұқағали Мақатаев пен Абай Құнанбаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқу бойынша жарысты. Екінші кезеңде қыздар белгілі қазақстандық дизайнерлердің көйлегімен жүріп өтті. Финалда жүргізушілер әр қатысушыға қазақ тарихы, ұлттық салт-дәстүрлер бойынша сұрақтар қойды. Қыздар алаңдап тұрғанымен, мүдірмей жауап бере алды.

Қазылар алқасында қазақстандық шоу-бизнес өкілдері Ерік Жолжақсынов, Баян Алагөзова, Қарақат Әбілдина, Динара Сәтжан, Айгүл Мүкей, Бірғаным Әйтімова отырды.

"Қазақ аруы - 2019" байқауына қатысатын 18 қыздың суреті жарияланды

"Қазақ аруы - 2018" атағын ақтаулық Набира Рахымжан алған еді.

Түрлі уақытта байқаудың жеңімпазы жүлдесін Нұргүл Асанова, Альмира Ахатова, Кәмшат Қоскелова, Гүлназ Жоланова, Айгерім Қанатбаева, Айғаным Өтепбергенова еншілеген болатын.

Байқаудың продюсері әрі ұйымдастырушысы - Баян Алагөзова. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети