Күнбике Нұрқызы. Сурет "Қазақстан" телеарнасынан алынды
Күнбике Нұрқызы атты қазақ қызы жуырда өткен бүкілқытайлық қыз сыны байқауының бас жүлдесін жеңіп алды. Негізі бұл байқау Қытайда тұратын түрлі ұлт өкілдері арасында жыл сайын өткізіліп тұрады. Бұл туралы Tengrinews.kz сайты "Қазақстан" ұлттық арнасына сілтеме жасап хабарлады. Қытайлықтарды таңдай қақтырған қазақ аруы басына тәж киіп, "56 ұлттың гүлі" деген атаққа ие болды. Күнбике қазақ, қытай және ағылшын тілдерін еркін меңгерген. Сонымен бірге ол домбыра тартады, ән салып, би билейді және таэквондомен шұғылданады. Мұның алдында қазақ қызы "Шыңжаң Ұйғыр автономды аруы" байқауына да қатысып, ең әдемі ару атанған. Қазір ол Қытай телеарналарының бірінде тележүргізуші болуды армандайды. "Қаншама ұлттың алдында қазақ халқының бар өнерін көрсеткеніме қуаныштымын. Мен қазақтың өнерін, мәдениетін көрсету үшін бұл байқауға ұзақ дайындалдым. Осының нәтижесінде бас жүлдеге қол жеткіздім. Бұл мен үшін зор қуаныш", дейді Күнбике Нұрқызы.
Күнбике Нұрқызы атты қазақ қызы жуырда өткен бүкілқытайлық қыз сыны байқауының бас жүлдесін жеңіп алды. Негізі бұл байқау Қытайда тұратын түрлі ұлт өкілдері арасында жыл сайын өткізіліп тұрады. Бұл туралы Tengrinews.kz сайты "Қазақстан" ұлттық арнасына сілтеме жасап хабарлады.
Қытайлықтарды таңдай қақтырған қазақ аруы басына тәж киіп, "56 ұлттың гүлі" деген атаққа ие болды. Күнбике қазақ, қытай және ағылшын тілдерін еркін меңгерген. Сонымен бірге ол домбыра тартады, ән салып, би билейді және таэквондомен шұғылданады. Мұның алдында қазақ қызы "Шыңжаң Ұйғыр автономды аруы" байқауына да қатысып, ең әдемі ару атанған. Қазір ол Қытай телеарналарының бірінде тележүргізуші болуды армандайды.
"Қаншама ұлттың алдында қазақ халқының бар өнерін көрсеткеніме қуаныштымын. Мен қазақтың өнерін, мәдениетін көрсету үшін бұл байқауға ұзақ дайындалдым. Осының нәтижесінде бас жүлдеге қол жеткіздім. Бұл мен үшін зор қуаныш", дейді Күнбике Нұрқызы.