Алматыда "Қазақстан аруы-2014" конкурсына қатысушылар ресми түрде таныстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұйымдастырушылар байқаудың өзгерістері мен үміткерлердің саны неліктен азайып қалғандығын түсіндірді.
Алматыда "Қазақстан аруы-2014" конкурсына қатысушылар ресми түрде таныстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұйымдастырушылар байқаудың өзгерістері мен үміткерлердің саны неліктен азайып қалғандығын түсіндірді.
Алматыдан шыққан Лаура Әбдіраманова конкурсқа қатысудан бас тартты. Оған оның отбасылық өміріндегі өзгерістер себеп болды - финал алдында оған тұрмысқа шығу туралы ұсыныс түскен. "Енді ол тойды өткізумен айналысып жатыр. Бұл "Қазақстан аруы" байқауына қатысушылардың тез арада тұрмысқа шығып жатқанын дәлелдейді. Бірақ бізде мұндай жағдай бірінші рет болып отыр - бойжеткен байқауға дайындық басталғаннан кейін бес күннен соң ұсыныс алды", - деді байқаудың бас директоры Алена Ривлина.
Ұйымдастырушылар осы жылы қазылар алқасы үш жүлдегерді іріктейтінін, ал "Қазақстан аруы-2014" жеңімпазы халықтың дауыс беруі арқылы тікелей эфирде анықталатынын ескертті. "Бұл жолы сұлу қыздар көп. Сондықтан сыртқы келбетімен қатар, біз тәрбиесіне, біліміне, мақсаттары мен өмірге деген құлшынысына, тіл білуіне мән береміз. Қалызар алқасы сұлу қызды ғана емес, әлемдік ареналарда Қазақстанның намысын қорғауға лайықты қызды таңдауы керек", - деді Ривлина. "Қазақстан аруы-2014" байқауының қазылар алқасының құрамына Илья Ильин, Luina, Әли Оқапов, Марат Оралғазин және Салтанат Бекжігітова енді.
Сонымен бірге, осы жылы "Әлем аруы" байқауында Қазақстанның атынан Мәдина Дәулетова ("Алматы аруы-2013" қатысушысы) қорғайтыны белгілі болды. Ал "Дүниежүзі аруы" конкурсына Қазақстанның ең сұлу қызы мәртебесінің иегері Айдай Исаева қатысады.
Еске сала кетейік, "Қазақстан аруы-2014" байқауы 28 қарашада Республика сарайында өтеді. Байқаудың жеңімпазы тәж бен бір миллион теңге көлемінде сыйақы алады.