"Қазақстан аруы-2015" қатысушыларының ресми суреттері ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазақстан аруы-2015" қатысушыларының ресми суреттері ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған арулар 20 қарашада елордаға келіп, "Қазақстан аруы-2015" байқауына дайындықтарын бастап кетті. Олар "Астана" ФК-ға құрмет көрсету салтанатына, 25 қарашада "Астана" - "Бенфика" матчына қатысты. Арулар астаналық командамен баскетбол ойнап, атақты спортшы, Олимпиада чемпионы Ольга Шишигина оларға шеберлік-сыныбын өткізді.
Алғашқы күндерде ресми фотосессия Sheri Hill кешкі көйлектерімен өтті. Оларды атақты фотограф Владимир Бабкин түсірді. Айта кетейік, байқау қатысушыларының ресми суреттері өңделмеген күйі жарияланды.
"Мен байқау қатысушыларын біраз уақыттан бері бақылап келемін және айтқым келетіні, олардың жалпы деңгейі едәуір жоғарылаған. Барлығы да әдемі. Суреттерді өңдеу үшін фотошоп қолданған жоқпын. Алайда бір минус бар - ол күлімсіреу, селфиден үйреніп алған. Мен олардан табиғи эмоцияны күттім. Менің көңілім нәтижеге еш уақытта толмайды, бірақ алға қойылған міндетті біз орындадық деп есептеймін", - деді Владимир Бабкин.
30 қатысушының ресми суретін назарларыңызға ұсынамыз:
"Астана аруы" Камила Темірова. 21 жаста. Инновациялық-гуманитарлық университетінің студенті
Астананың атынан шығатын Мадина Сайлауова. 17 жаста. Еуразия ұлттық университетінің студенті
Астананың намысын қорғайтын Виктория Алексеева. 18 жаста. Менеджмент және бизнес колледжінің студенті
Астананың атынан шығатын Гауһар Жұмағатова. 21 жаста. Халықаралық заңгер
"Алматы аруы" Регина Вальтер. 20 жаста. Қазақ туризм және спорт академиясының түлегі
Алматының намысын қорғайтын Әсел Әбдіуәлі. 23 жасты. Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының студенті
\
Алматының атынан шығатын Назерке Сайранбек. 19 жаста. Қонаев атындағы заң академиясының студенті
"Талдықорған ауры" Айдана Қанайбаева. 19 жаста. Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің студенті
"Шымкент аруы" Ақмөлдір Әбдурахимова. 18 жаста. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясының студенті
Шымкенттің атынан қатысатын Балым Жеңісбекқызы. 15 жаста. Дулати атындағы №8 гимназия оқушысы
"Тараз аруы" Камилла Жиренбаева. 17 жаста. №24 гимназия оқушысы
"Қызылорда аруы" Тұрсынай Мұқан. 21 жаста. Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжінің студенті
"Қостанай аруы" Ксения Брума. 19 жаста. Қостанай педагогикалық колледжінің студенті
Қостанайдың атынан шығатын Альбина Әлкеева. 19 жаста. Челябі экономикалық университетінің студенті
"Павлодар аруы" София Шарикова. 17 жаста. №20 мектеп-лицейінің оқушысы
Павлодар қатысушысы Мадина Бейсембаева. 18 жаста. Еуразия инновациялық колледжінің студенті
Павлодардың намысын қорғайтын Альбина Беркінова. 16 жаста. №1 мектептің оқушысы
"Ақтау аруы" Джейран Дурсунова. 20 жаста. "Қазақстан-Ақтау" телеарнасының тілшісі
Ақтаудың намысын қорғайтын Әлия Мергенбаева. 17 жаста. Маңғыстау туризм колледжінің студенті
"Ақтөбе аруы" Альбина Жангелдина. 19 жаста. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің студенті
"Орал аруы" Вероника Залата. 18 жаста. Поволжск телекоммуникация және информатика мемлекеттік университетінің студенті
Оралдың намысын қорғайтын Қаламқас Файзулла. 22 жаста. Экономика және менеджмент магистрі, техника ғылымының бакалавры
"Атырау аруы" Гауһар Қасаева. 17 жаста. Инженерлік-гуманитарлық институтының студенті
"Семей аруы" Жанна Әкімова. 22 жаста. Қазақ спорт және туризм академиясының магистрі
Теміртаулық Екатерина Дворецкая. 17 жаста. Теміртаудың №1 гимназиясының оқушысы
"Қарағанды аруы" Рената Нұрғазина. 18 жаста. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің студенті
Жезқазғанның атынан шығатын Айдана Нариманова. 22 жаста. Үйлену тойлары бойынша стилист, визажист
"Петропавл аруы" Алина Хлевова. 21 жаста. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті
Петропавлдың намысын қорғайтын Жанна Сақтағанова. 21 жаста. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті
"Көкшетау аруы" Жанна Хайрулина. 21 жаста. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенті
Айта кетейік, байқаудың әділ қазылар алқасының құрамында - ғарышкер Айдын Айымбетов, велошабандоз, олимпиада чемпионы Александр Винокуров, "Астана жастары" басшысы Әнуар Нұрпейісов, Қазақстанның халық әртісі Айман Мұсақожаева, қоғам қайраткері Аружан Саин, актриса Әсел Сағатова, "Астана" ФК бас менеджері Қайсар Бекенов, "Алтын Орда" авторлық дизайн үйінің этно-дизайнері Ырза Тұрсынзада, "Қазақстан аруы" ұлттық байқауының президенті Алена Ривлина-Қырбасова бар. Әділ қазылар алқасы Қазақстанның ең көрікті үш қызын таңдайды. Ал гранд-финалда көрермендер sms-дауыс беру арқылы жеңімпазды анықтайды. "Қазақстан аруы-2015" ұлттық байқауы 10 желтоқсанда елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді.