06 қазан 2020 16:43

Қазақстандық Miss Asia Internet 2020 конкурсында жеңімпаз атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Зарина Загидуллинаның жеке мұрағатынан Зарина Загидуллинаның жеке мұрағатынан

Қазақстандық Зарина Зағидуллина Miss Asia Internet 2020 сұлулық байқауында дауыс беру нәтижесі бойынша жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық Зарина Зағидуллина Miss Asia Internet 2020 сұлулық байқауында дауыс беру нәтижесі бойынша жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Miss Asia Internet онлайн өтетін сұлулық конкурсы өте танымал. Жеңімпаз болғаны үшін Зарина лента мен тәжден бөлек Miss World Internet 2020 конкурсына қатысу үшін ақшалай сертификат алады және World Beauty мұқабасына шығады.

Зарина конкурс туралы кездейсоқ біліп, қатысуға бел буған. Қазір ол Қазақстанның Сыртқы сауда палатасында жұмыс істейді. 

Сондай-ақ ол қан доноры және қазақстандықтарды донорлыққа қосылуға шақырады. 

Ол бірнеше рет халықаралық сұлулық конкурстарына қатысқан. Ол Түркістан атынан "Қазақстан аруы" конкурсына қатысқан және ең сұлу 15 қыздың қатарына енген. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети