Andres агенттігінің моделі Карина Шмайхель Кипрде өтіп жатқан халықаралық Miss FashionTV-2016 байқауында ел намысын қорғап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Andres агенттігінің моделі Карина Шмайхель Кипрде өтіп жатқан халықаралық Miss FashionTV-2016 байқауында ел намысын қорғап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бойжеткен 2012 жылы Miss FashionTV Kazakhstan титулын иеленген. Каринаның модель бизнесінде жүргеніне 9 жыл болыпты. Сонымен қатар, ол бала кезінен жүзумен айналысқан, спорт үйірмелеріне әлі күнге барып жүр.
Конкурс бірнеше кезеңнен тұрады, біріншісі басталып кетті. Бұл - байқаудың ресми сайтында өтіп жатқан онлайн-дауыс беру шарасы. Каринаға мына сілтеме арқылы дауыс беруге болады.
"Ертең дайындығымыз басталады: түсірілімдер, дайындық жұмыстары. Түрлі елден 30 қыз қатысып жатыр. Мұнда подиумда өзіңді ұстай білуің керек", - деді ол.
Miss FashionTV-2016 финалы 29 мамырда өтеді.