"Қазақстан аруы-2018" Альфия Ерсайын сұлулық байқауындағы жеңісі үшін алған үш миллион теңгенің айтарлықтай бөлігін қайырымдылыққа жұмсады. Рамазан айының бірінші күнінде ол Атырау қаласындағы №1 мектептегі жағдайы төмен отбасылардан шыққан 22 оқушыға керек заттарын (сөмкелер, спорттық аяқ киімдер, мектеп формалары мен өзге де сыйлықтар) алып берді, деп хабарлады "Ақ Жайық".

Мағжан Жұмабаев атындағы мектеп өткен жылы апаттық жағдайда, деп танылып, жабылғаннан кейін балалар басқа оқу орнына ауыстырылды.
№1 мектеп директоры Гүлжан Қожахметованың айтуынша, Альфия Оразаның басталуына бір ай қалғанда хабарласқан. Осыдан кейін сынып жетекшілері балалардың ата-аналары арқылы қажетті заттардың тізімін жасаған.
"Мектеп ұжымы мен ата-аналардың атынан мейірімділігі үшін Альфия Ерсайынға зор алғыс білдіріп, "Әлем аруы" байқауында сәттілік тілейміз!", - деді директор.
Қайырымдылық шарасы үшін неліктен тап сол мектепті таңдағаны туралы сұраққа Альфия былай жауап берді, ол өзі басқа мектепте оқыған: "Мен Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығын жақсы көремін, сол үшін таңдадым. Алдағы уақытта да қайырымдылықпен айналысуды жоспарлап отырмын".
Қазақстанның ең сұлу аруымен кездесуге мектептегілер алдын ала дайындалған - балалар қонаққа, ата-аналарына және ұстаздарына арнап ән айтып, би биледі.