Қазнетте дауға айналған фотосессияны жасаған поляк фотографы: Қыздарыңыз әдемі екен, әлемге паш ету үшін тағы келемін

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Таяуда "ню" мәнерінде суретке түсіруге маманданған поляк фотографы Ян Маклайн Алматыға келіп, фотосессия жасаған болатын. Осыдан кейін Қазнетте дау шықты. Әлеуметтік желі қолданушылары бұл өнердің "Қазақстан халқын масқаралайтынын"  айтып, сынаған еді.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Таяуда "ню" мәнерінде суретке түсіруге маманданған поляк фотографы Ян Маклайн Алматыға келіп, фотосессия жасаған болатын. Осыдан кейін Қазнетте дау шықты. Әлеуметтік желі қолданушылары бұл өнердің "Қазақстан халқын масқаралайтынын"  айтып, сынаған еді.

Ал фотографтың өзі Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында туындыларына қатысты айтылған сынмен келіспейтінін жеткізді. Янның айтуынша, Интернеттегілер екі оқиғаны шатастырып алған, олардың бірі "Қазақстан арулары-2017" күнтізбесінің түсірілімдері екен де, екіншісі Алматыда фотографтарға арналған шеберлік дәрісі екен.

Ірі форматтағы күнтізбеге қазақстандық 13 қыз қатысты. Олардың көбі танымал. Кейбір мәлімет бойынша, актрисалар Гүлнара Сілбаева, Жания Журинская, Гүлназ Жоланова, Бибігүл Сүйіншалиева және тағы да басқалар түскен.

Күнтізбеде жалаңаш қыздар жоқ. "Жобаның мақсаты - Қазақстан қыздарын асыл қазына етіп көрсету", - дейді Маклайн.


© Ян Маклайн


© instagram.com

Ал шеберлік дәрісіне қатысты фотограф жалаңаш модельдерді түсіргенін айтады. "Түсірілім жұмыстарына портфолиосында осындай мәнерде түскен суреттері және осы мәнерде түсу тәжірибесі бар модельдерді ғана шақырамын, - дейді Ян. - Жалаңаш дене мыңдаған жылдан бері өнерде қолданылып келеді, мұнда ұят дүние көре алмай отырмын. Фотографияда "ню" деген жанр бар, модельдер бар, оларға өз кәсіптері ұнайды".  

"Қазақстан көпұлтты ел, халқының өнерге, фотографияға, өмірге деген көзқарастары да әртүрлі. Барлығын бірдей қылудың қажеті жоқ. Өнеріме жоғары баға беретін қазақтар да көп, олардың көбі "ню" мәнеріндегі фотографиямен айналысады. Қазнетте дау шыққан кезде қазақстандықтардан көптеген хат келді. Жүздеген адам қолдау көрсетті. Екі адам ғана жағымсыз пікір жазыпты. Қазақстан - тамаша ел, қыздарыңыз өте әдемі, осы сұлулықты әлемге көрсету үшін тағы да келемін", - дейді фотограф.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro