16 қазан 2018 | 16:08

"Мәскеу аруы" финалисі Дина Қожасаева: IT-маман болғым келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/dinaksaeva © instagram.com/dinaksaeva

"Мәскеу аруы - 2018" сұлулық байқауының финалисі Дина Қожасаева жоспарларын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

"Мәскеу аруы - 2018" сұлулық байқауының финалисі Дина Қожасаева жоспарларын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қыздың жасы 14-те, ол тоғызыншы сыныпта оқиды, вокалмен айналысады, гимнастикамен шұғылданады, волонтерлік шараларға қатысып, скетчтерде ойнап, портрет салады. Саяхаттағанды жақсы көреді және салауатты өмір салтын ұстанады. 

"Қазіргі уақытта білім алу - басты мақсат. IT-маман болғым келеді. Мен өзімді керемет көріктімін деп ойламаймын, маған осыншама назар аударылғаны таңғалдырады", - дейді Дина Қожасаева. 

Сұлу қыздың анасы Линда Кожасаева өз кезегінде осы байқауға қатысудың өзі жетістік деп санайды. 

"Дина үшін моделингпен айналысу көптеген әуестігінің бірі және ол модель болуды мақсат тұтып жүрген жоқ. Оны IT саласы қызықтырады және журналистиканы ұнатады. Қазіргі уақытта актерлік шеберлікті зерттеп жүр және тарихи отанында ұлттық жобаға қатысуға қуана келісім берер еді", - дейді Линда. 

Туыстарының айтуынша, сұлулық байқауы туралы құрбысының танысы - модель әрі Мәскеу вице-аруы Алла Лагутинадан білгенін мәлімдеді. 

"Ол Динаны көріп, байқауға қатысуға өтініш жіберуге кеңес берді. Біз финалға өтеміз деп ойламадық та, бәлкім жолымыз болған шығар. Қарсыластарымыз өте сұлу қыздар, олардың көбісі кәсіпқой модельдер. Байқау қараша соңында, шамамен 28-інде басталады. Ал дайындық жұмыстары келесі аптадан басталады", - дейді Линда Қожасаева.

Динаның әкесі кәсіпкер. Ақтөбеде дүниеге келген, Қазақстан азаматы, Мәскеуге көшіп келгеніне біраз болған. Анасы әшекей бұйымдар дизайнері әрі заңгер. Мәскеуде туып өскен, қаны аралас. 14 жастағы модель қыздың нағашы атасы орыс, ал әжесі қазақ. Динаның сіңілісі бар. 


Сурет жеке мұрағатынан 

"Біз көп қалада тұрдық. Мен Мәскеуде дүниеге келдім, кейін отбасымызбен Санкт-Петербургке көштік, сосын Дубайда, Алматыда тұрып, Мәскеуге қайтып оралдық. Қазақстанда жиі болып тұрамыз. Астанада, Алматыда, Ақтөбеде және Шуда туыстарымыз бар. Астана қатты ұнайды, онда жақсы және ашық адамдар тұрады", - дейді Дина.   

"Мәскеу аруы" байқауының финалисіне бірнеше модельдік агенттіктен ұсыныс түскен. 

Осыған дейін қазақ қызы Дина Қожасаеваның "Мәскеу аруы-2018" байқауының финалына өткені хабарланған еді. Ол туралы мәліметтер ұйымдастырушылардың Instagram желісіндегі "Краса России" және "Мисс Москва" парақшаларында пайда болған еді. 

Бұл байқауда жеңімпаз атанған қыз "Краса России" бүкілресейлік сұлулық және таланттар байқауына қатысуға мүмкіндік алады. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети