Нурмагомедов Бенземаға қазақстандық Әли Тұрғанбековке көңіл бөлгені үшін алғыс айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нурмагомедов Бенземаға қазақстандық Әли Тұрғанбековке көңіл бөлгені үшін алғыс айтты Сурет: mmalife.ru

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов мадридтік "Реалдың" француз ойыншысы Карим Бенземаға қазақстандық Әли Тұрғанбековпен кездескені үшін алғыс білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов мадридтік "Реалдың" француз ойыншысы Карим Бенземаға қазақстандық Әли Тұрғанбековпен кездескені үшін алғыс білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Көп рақмет. Сен нағыз жігітсің", - деп жазған Нурмагомедов Instagram-да.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Khabib Nurmagomedov (@khabib_nurmagomedov)

Айта кетейік, 6 ақпанда Тұрғанбеков Испания Кубогының 1/4 финалында "Реал" мен "Реал Сосьедад" (3:4) арасындағы матчта болды. Ойыннан кейін Бензема балаға футболкасын беріп, онымен бірге футбол ойнады.

Нурмагомедов та 2019 жылдың желтоқсанында Қазақстанға келгенде Әлимен кездескен. Сол кезде ол да 11 жастағы Нұр-Сұлтандықпен футбол ойнаған. Ал Тұрғанбеков UFC чемпионына франциялық ПСЖ ойыншылары - Неймар, Эдинсон Кавани, Килиана Мбаппе және Тиаго Силваның қолтаңбалары бар допты сыйлаған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 505.17  course up  598.8  course up  6.58  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети