"Қазақстан аруы-2014" қатысушысы тұрмысқа шығу үшін байқаудан бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақстан аруы-2014" қатысушысы тұрмысқа шығу үшін байқаудан бас тартты "Қазақстан аруы-2014" қатысушылары мен Айдай Исаева. ©Дмитрий Хегай

Алматыда "Қазақстан аруы-2014" конкурсына қатысушылар ресми түрде таныстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұйымдастырушылар байқаудың өзгерістері мен үміткерлердің саны неліктен азайып қалғандығын түсіндірді. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда "Қазақстан аруы-2014" конкурсына қатысушылар ресми түрде таныстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұйымдастырушылар байқаудың өзгерістері мен үміткерлердің саны неліктен азайып қалғандығын түсіндірді. 

Алматыдан шыққан Лаура Әбдіраманова конкурсқа қатысудан бас тартты. Оған оның отбасылық өміріндегі өзгерістер себеп болды - финал алдында оған тұрмысқа шығу туралы ұсыныс түскен. "Енді ол тойды өткізумен айналысып жатыр. Бұл "Қазақстан аруы" байқауына қатысушылардың тез арада тұрмысқа шығып жатқанын дәлелдейді. Бірақ бізде мұндай жағдай бірінші рет болып отыр - бойжеткен байқауға дайындық басталғаннан кейін бес күннен соң ұсыныс алды", - деді байқаудың бас директоры Алена Ривлина. 

Ұйымдастырушылар осы жылы қазылар алқасы үш жүлдегерді іріктейтінін, ал "Қазақстан аруы-2014" жеңімпазы халықтың дауыс беруі арқылы тікелей эфирде анықталатынын ескертті. "Бұл жолы сұлу қыздар көп. Сондықтан сыртқы келбетімен қатар, біз тәрбиесіне, біліміне, мақсаттары мен өмірге деген құлшынысына, тіл білуіне мән береміз. Қалызар алқасы сұлу қызды ғана емес, әлемдік ареналарда Қазақстанның намысын қорғауға лайықты қызды таңдауы керек", - деді Ривлина. "Қазақстан аруы-2014" байқауының қазылар алқасының құрамына Илья Ильин, Luina, Әли Оқапов, Марат Оралғазин және Салтанат Бекжігітова енді.

 

Сонымен бірге, осы жылы "Әлем аруы" байқауында Қазақстанның атынан Мәдина Дәулетова ("Алматы аруы-2013" қатысушысы) қорғайтыны белгілі болды. Ал "Дүниежүзі аруы" конкурсына Қазақстанның ең сұлу қызы мәртебесінің иегері Айдай Исаева қатысады.

Еске сала кетейік, "Қазақстан аруы-2014" байқауы 28 қарашада Республика сарайында өтеді. Байқаудың жеңімпазы тәж бен бір миллион теңге көлемінде сыйақы алады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети