21 қараша 2015 | 13:44

Регина Вандышева "Әлем аруы" байқауына аттанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© OfficialMissWorld\YouTube © OfficialMissWorld\YouTube

"Қазақстан аруы-2014" елдің атынан өнер көрсету үшін 65-ші халықаралық "Әлем аруы-2015" конкурсы ұйымдастырылып жатқан Қытайдың Санья қаласына кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан аруы" байқауын ұйымдастырушыларға сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

"Қазақстан аруы-2014" елдің атынан өнер көрсету үшін 65-ші халықаралық "Әлем аруы-2015" конкурсы ұйымдастырылып жатқан Қытайдың Санья қаласына кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан аруы" байқауын ұйымдастырушыларға сілтеме жасап.

Регина бір ай бойы әр елдің аруларымен бірге конкурсқа дайындалады. Осы уақыт аралығында ол дайындық шараларына, фотосессияларға, ең үздік ұлттық костюм конкурсына, сонымен қатар таланттар шоуына қатысады.

Регина дайындық жұмыстарын "Қазақстан аруы" атағын иеленгеннен кейін-ақ бастап кетті. Ол қазақ және ағылшын тілдерін оқып, бояну, шаш сәндеуді үйрену үшін кәсіби курстарға қатыса бастады, сонымен қатар, спортпен белсенді түрде айналысып жүр.


Регинаның бейнесін стилист Ирина Әшірбекова таңдады.

"Аз уақыт қалды, мен қобалжуды бастадым. Әр елден жиналған 100-ден аса қатысушы жақын арада кездесеміз. Ең бастысы, жүз пайыз сеніммен өз еліңді таныстыру. Мен өте позитивті адаммын, ешқашан көңіл-күйімді түсірмеймін. Барлығы өз қолымызда. Мүмкін емес ештеңе жоқ екенін білемін, өзіме сенемін", - деді Регина Вандышева.

Айта кетейік, 22 жастағы қазақстандық жеңіл атлетикадан спорт шебері. Ол спортқа бейімделген мінезі арқылы кез келген қиындықты жеңіп шығатынына сенімді.

Таланттар шоуында Қазақстан аруы модерн элементіндегі романтикалық би билейді.


Биге дайындық.

Ұлттық костюмдер конкурсында ол қазылар алқасына дизайнер Аида Кәуменова тіккен киімді таныстырады.

Сонымен қатар, Регина Вандышева үшін Қазақстан туының негізіндегі алқа жасалды.

Қазақстан атынан сыйлық ретінде "Әлем аруы" байқауы аясында ұйымдастырылған қайырымдылық аукционына ол берік отбасыны бейнелейтін фарфор мүсінін апарады.

"Әлем Аруы 2015" конкурсының финалы 19 желтоқсанда өтеді. Қазіргі ару, БАӘ-нің сұлуы Ролен Штраус биылғы жеңімпазға тәжді табыстайтын болады.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети