Семейлік екі оқушы қыз француздың әйгілі кутюрьесі Пьер Карденнің супермодельер титулын иеленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Семейлік екі оқушы қыз француздың әйгілі кутюрьесі Пьер Карденнің супермодельер титулын иеленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
20-25 наурыз аралығында Мәскеуде сән апталығы өтті, оны Пьер Карденнің Ресейде тұңғыш құрылған коллекциясы ашты. Семейлік қыздар Диана Бақтиярқызы (16 жаста) мен Динара Баймұратова (15 жаста) Қазақстанның атынан шықты. Модельердің коллекциясының көрсетіліміне қатысу үшін олар өзге елдерден 200 ару қатысқан іріктеуден өткен. Нәтижесінде олар көрсетілімге жолдама алған 20 қыздың қатарына кіреді. Көрсетілім Ресейдің Қызыл алаңындағы бас подиумы саналатын "Гостиный двор" сән үйінде өтті. Іс-шараны Fashion House International корпорациясы ұйымдастырды.
"Іріктеу кезеңінде біздің қыздар 123 және 124 деген номерлермен қатысты. Айта кетерлігі, іріктеу кезеңінде қазылар алқасы бойдың 175-тен төмен болмауы немесе дене сымбатының 90-60-90 шартына сай болуы сияқты талаптармен қатар, қыздардың ерекше сұлулықтарын да есепке алды. Қазылар үшін табиғи сұлулық маңызды болды. Қорытындысында 20 ару таңдалып, олар түрлі образдарда болды", - деді Семейдің "Іңкәр сезім" сән агенттігінің директоры Айна Тонысова.
Аңызға айналған француз кутурьесінің көрсетіліменен кейін үш модель Пьер Карденнің супермодельдері титулына ие болды. Олардың ішінде - екеуі семейлік қыздар. Қыздарға дипломды модельердің ізбасары мен оның немере інісі Родриго Базиликати тапсырды.
"Бұл титул - модельдер үшін басты марапат, титул қандай да бір ақшалай немесе құнды сыйлықтардан қымбат. Біз осындай конкурстарға осы мақсатта қатысамыз. Себебі бұл титулдар қыздардың алдынан халықаралық маңызы бар көрсетілімдерге есік ашады", - дейді Тонысова.
Ендігіде қыздар Парижде өтетін сәні апталығына қатысуға дайындалып жатыр.
© intermoda.ru