12 наурыз 2014 15:12

Шымкентте "Street Workout" қозғалысының көктемгі маусымы басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент қаласында "Жас Отан" жастар қанатының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен "Street Workout" қозғалысының көктемгі маусымы басталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Саламатты ұрпақ" жобасы аясында өткізілген көктемгі маусымының ашылуына Шымкенттік жастар ауа райының қолайсыздығына қарамастан қатысып, салауатты өмір салты үшін "Street Workout" қозғалысына қосылды. Енді оңтүстіктегі жастар таңертең және кешкі уақыттарда Шымкент қаласының қоғамдық орындары мен саябақтарда дене шынықтыру жаттығуларын жасайтын болады. "Бұл шара тұрғындардың артық салмақ қосуы, қан қысымының бұзылуы, жүрек аурулары және т.б. осы секілді сырқаттардың алдын алу үшін ұйымдастырылып отыр", - дейді "Street Workout" қозғалысының белсенділері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети