20 қыркүйекте "Украина аруы-2018" сұлулық байқауының финалы өтіп, киевтік 23 жастағы Вероника Дидусенко бас жүлдеге ие болды. Алайда төрт күннен кейін қыз шеттетіліп, оған берілген тәж де, ақшалай сыйлық та қайтарып алынды, - деп хабарлайды Страна.ua.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жанжал қыздың жеке басына қатысты мәліметтер анықталғаннан кейін болған, қыз оны жасырғысы келіпті. Шындық оның тұрмыста болуымен байланысты. Ал тұрмыстағылар "Украина аруы" байқауына қатыса алмайды.
Байқау аяқталғаннан кейін ұйымдастырушылар Верониканың тұрмыста болғаны және баласының бар екені туралы ақпаратты растайтын мәлімет алды. Оның тұрмыста болғаны туралы бір ауданда тұратын журналистер хабарлаған.
Жаңа жеңімпаздың есімі 30 қыркүйекте белгілі болады. Оның орнын Днепропетровск облысынан қатысқан Богдана Тарасик немесе Киев облысынан Анастасия Кривохижа алуы мүмкін.
Анастасия Кривохижа, Вероника Дидусенко, Богдана Тарасик. © facebook
Сонымен қатар, Телевизиялық жаңалықтар қызметінің хабарлауынша, Верониканың өзі ұйымдастырушылар комитетінің шешімімен келіспейді. Ол байқауға қатысу үшін тұрмыста және балалы болмау керек деген талапты кемсітушілік деп есептейді.
Дидусенко ұйымдастырушыларға Қытайда өтетін "Әлем аруы" байқауына қатысуға ниетті екенін мәлімдеді. Алайда телеарнаның мәліметінше, қыз өзінің наразылығын көпшілік алдында айтудан бас тартып отыр.