Отандық дизайнерлер Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Сочиде өтіп жатқан өңіраралық ынтымақтастық форумындағы сыртқы келбетіне баға берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, форумның алғашқы суреті пайда бола салысымен, әлеуметтік желінің қолданушылары Қазақстан Президентінің стилін қызу талқылай бастады.

"Костюмнің консерваторлық еместігі маған ұнайды: пішіні бос, түсі шенеуніктерге арналған дағдыдағы қара көк емес, жастардыкі. Сонымен қатар, Президент оны әдеттегі жейдемен және галстукпен емес, спорттық жейдемен киген, ол оның кейпіне белсенді, серпінді сарын беріп тұр. Классика мен спорттық стильді үйлестіру тұлғаның тәуелсіз екенін, болмысының жігерлі екенін және оның болашаққа жоспарының мол екенін білдіреді", - деді Aika Alemi брендінің негізін қалаушы Аяжан Жақсыбай.
© РИА Новости
Мұндай оймен оның әріптесі, белгілі фэшн-продюсер Сәкен Жақсыбаев келісті. Оның айтуынша, Қазақстан Президентінің киімі кездесудің дресс-кодына сәйкес келеді. "Кездесу "голстуксыз" деп аталады және үш президенттің арасында сол дресс-кодты сақтап, жақсы көрініп тұрған жалғыз адам - біздің Президент. Владимир Путиннің галстук таққаны орынсыз көрініп тұр, себебі ол қарсы алушы тарап ретінде дресс-кодты сақтауы тиіс болатын, "галстуксыз" кездесуде киімнің стилі еркін болуы керек. Ал Лукошенконың костюміне қатысты айтатын болсақ, ол үйлесімсіз көрінеді, ішіндегі жейдесі костюмінің сыртынан көрініп тұр. Біздің имиджейкерлер мақтауға тұрарлық", - деген ойын жеткізді Жақсыбаев.
© РИА Новости