12 мамыр 2018 | 09:36

Сотталған олигарх Тоқтар Төлешовтің тоқалы киім үлгілерін көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте Тоқтар Төлешовтің тоқалы тіккен киімдерін көрсетті, деп хабарлады КТК.


Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте Тоқтар Төлешовтің тоқалы тіккен киімдерін көрсетті, деп хабарлады КТК.

Телеарнаның мәліметінше, еуропалық дизайнерлер шымкенттіктерге жаңа киім үлгілерін көрсетеміз деп жұртты шалқасынан түсірді. Әсіресе, жұқалығынан іш киімі көрінетін жаңа сән топтамалары оңтүстік аруларды ұялтып тастады. Десе де, сүйсіндіргендері де жоқ емес. Атышулы сән апталығында әйгілі олигарх Тоқтар Төлешовтің тоқалы да өз үлгілерін көрсетті. 

"Сән апталығына келген жұртты шетелдік дизайнерлерден гөрі, сотталған олигарх Тоқтар Төлешовтің тоқалының не тіккені көбірек қызықтырғандай. Десе де, күйеуінің арқасында аяқасты танымал тігіншіге айналған Дина Нұрәлиева бұған аса мән бермеуге тырысып бақты. Көпшілік ортасында өзін емін-еркін ұстады. Керісінше, еуропалық дизайнерлердің киімін тамашалаған шымкенттіктердің өздері ыңғайсыз жағдайға қалды. Әсіресе, жұқалығынан ішіндегі іш киімі көрінетін коллекциялар оңтүстік тұрғындарын шалқасынан бір-ақ түсірді", - деп хабарлады тілші.

"Бұл тренд. Қазақстан тұрғындарына арналған арнайы коллекциялар. Бұл киімдер 2018-2019 жылдардың қысы мен күзіне арналған. Шымкенттік тұрғындарға да ұнайды деп үміттенемін", - деді сән апталығының ұйымдастырушысы Айдархан Қалиев.

Расында, подиумға шыққан киімдердің барлығы Шымкенттің қысы мен күзіне арналғандай. Жұқа әрі жеңіл. Десе де, көпшіліктің түсінбеушілігін тудырған жаңа топтамалардың арасында сүйсініп қарайтыны да жоқ емес. Ол -өзіміздің отандық дизайнерлер ұсынған ұлттық нақыштағы киімдер.

"Соған қарағанда, қазақтың оюы жақын күндері әлемдік подиумдарда ойып тұрып орын алайын деп тұр. Өйткені, подиумға шыққан сол еді шетелдік сәнқойлардың сілекейі шұбырды", - деді тілші.

Сонымен қатар, биыл құр жемпір мен етік киіп жүру де сәнге айналды.

"Етік маған өте ұнап тұр. Бірақ көшеге киіп шыға алмайтын шығармын. Өйткені, бізде мұндайға басқаша қарайды ғой. Ал шетелде болсам, күнде шешпей киер едім", - деді модель Мерей Айымбетова.

Сондай-ақ, қыздарға таяқ ұстап жүру де сәнді саналмақ. Дизайнерлердің мұнымен нені меңзегісі келгені белгісіз. Соған қарағанда, шымкенттік келіндер бұрыннан тренде сияқты. Оқтауға ұқсас бұйымды көйлекпен де, шалбармен де үйлестіре беруге болады екен. Гүлді шұлықтар да биыл сәнде. Елде жоқ киімдерді көрсететін сән аптылығы әлі үш күн жалғасады.

Дереккөз: КТК

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети