02 ақпан 2015 16:14

Сұлулық байқауы жеңімпазы тәжінен айырылып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©acritica.uol.com.br ©acritica.uol.com.br

Бразилияда өткен Miss Amazonas сұлулық байқауына қатысушы Шейслане Хаялла (Sheislane Hayalla) байқаудың жеңімпазы Кэрол Толедоның (Carol Toledo) басындағы тәжді жұлып алып, лақтырып тастады, - деп хабарлайды Lenta.ru The Daily Star басылымына сілтеме жасап. Хаялланың пікірінше, Толедо "титулды сатып алды". 

Бұл оқиғаны көрермендер видеоға түсіріп, Интернетте жариялады. Роликтен байқауда екінші орын алған Хаялланың алдымен Толедоны құшақтап, құттықтағанын көруге болады. Бірақ біраз уақыт өткен соң ол қыздың басындағы тәжді жұлып алып, сахнаға лақтырып жіберді.  

"Менің бұл қылығым біреулерге ұнамаса, кешірім өтінемін, бірақ мен жүрегімнің қалауын істедім", - деді ол.

Басылым бұл оқиғаға жәбірленуші мен қазылар алқасының қалай қарағаны туралы жазбады. Айта кетейік, Шейслане Хаялла 2014 жылы Бакуде өткен Miss Globe International байқауына Бразилияның атынан қатысып, ол кезде де екінші орынға ие болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети