Шын жасы қаншада екенін айтқан қытай "қыз" Интернетті шулатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шын жасы қаншада екенін айтқан қытай "қыз" Интернетті шулатты

Қытайдың Синьян қаласында тұратын Лю Елин тым жас көрінеді, ал жұрттар оның 22 жастағы ұлын жігіті деп ойлап қалады. Әйелдің суреттері Қытайдағы интернетте ең көп талқыланған тақырыпқа айналып, миллиондарды таңғалдырды, - деп хабарлайды Shanghaiist

"Айналамдағылар 50-ге келіп қалғанымды естігенде таңғалып, жағасын ұстайды. Баламмен серуендеп жүрсем, оның сүйікті қызы екен деп ойлайды. Шын жасымды айтқанымда, адамдар таңғалып, қалайша осындай жас көрінетінімнің құпиясын білгісі келеді", - дейді әйел сұхбатында. 

Лю 1968 жылы дүниеге келген. 1985 жылы ол 17 жаста кітапханашы болып жұмыс істей бастайды. Ал қазір ол зейнетте. Суретіне қарап, оның шын жасын дәл айту қиын. Бірде-бір әжім түспеген әйел әрдайым күнге қыздырынады екен. 

Әйелдің айтуынша, 30 жылдан бері спортпен айналысуы жас көрінуінің басты құпиясы. Ол қысы-жазы суы салқын көлде жүзеді екен. Лю Қытайдағы Янцзы және Оңтүстік Кореядағы Ханган өзенін кесіп өткен. Малайзиядағы Пинан штатында орналасқан ауданда Малакк бұғазын да жүзіп өткен. Оның үстіне бокспен айналысып, жүгіреді екен. 

Ал фитнес оның өмірінің бір бөлігіне айналған. Қытайлық әйел опа-далап пайдаланатынын жасырмады. Ал өзін 15 жастағы қыздай сезінеді екен. "Өңіңіз қашып кетсе, бұл сіздің жеткілікті түрде терлемегеніңізді білдіреді" дейді ол өмірлік ұстанымын түсіндіріп. Лю Елин көп әйелді спортпен айналысуға шабыттандырсам дейді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети