07 қыркүйек 2021 15:22

Түркияда өтетін сұлулық байқауына Қазақстан атынан алматылық қыз қатысады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лаура Махаш Лаура Махаш

Алматылық Лаура Мұхтар Түркияда өтетін Miss Aura International 2021 сұлулық байқауына Қазақстан атынан қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматылық Лаура Мұхтар Түркияда өтетін Miss Aura International 2021 сұлулық байқауына Қазақстан атынан қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Байқау 20 қыркүйек пен 5 қазан аралығында Анталияда өтеді. Байқауға әлемнің әртүрлі елінен келген 70-тен аса қыз қатысады. Дәстүр бойынша Miss Aura International таланттар байқауы, сән көрсетілімдері, кешкі және ұлттық көйлектер көрсетілімі секілді бірнеше кезеңдерден тұрады. Қыздар әлеуметтік және қайырымдылық шараларға қатысады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Miss Aura International (@miss_aura_in

Лаура байқауға белсенді дайындалып, ұлттық және кешкі киім үлгілерін іздеумен айналысып жатқанын айтты. Қыздың аймақтық және халықаралық конкурстарға қатысу тәжірибесі мол. Ол "Алматы аруы - 2018" финалисті, онда "Спорт-дива" және People Choice секілді екі номинацияны жеңіп алған.

Сонымен қатар, Лаура Лондонда өткен "Miss SSR UK UK 2019" байқауында "II вице-мисс" атағын жеңіп алған.

Сондай-ақ, ол Киевте өткен Miss Queen Europe - 2019 байқауында басты титулды жеңіп алған.

Бойжеткен Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында режиссер мамандығын тәмамдаған. Қазір Лаура хореограф, сонымен қатар фильмдерге түседі және модель ретінде жұмыс істейді. Ол тенниске, атқа мінуге, кітап оқуға және ән айтуға қызығады.

Еске салайық, бір жыл бұрын Түркияда өткен Miss Aura International байқауына Қазақстан атынан модель Фариза Рахман қатысып жүлделі орынға іліге алмаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети