Түркістанда алғашқы облыстық сұлулық байқауы өтті. "Түркістан аруы - 2019" атағы мен гран-приді кентаулық 18 жастағы Ақниет Сәдуақасова жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Түркістанда алғашқы облыстық сұлулық байқауы өтті. "Түркістан аруы - 2019" атағы мен гран-приді кентаулық 18 жастағы Ақниет Сәдуақасова жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бірінші орынды Жібек Мәмеш (Түркістан) еншіледі, ал екінші орын Нұршаш Шәкірбаеваға (Түркістан), үшінші орын Жансая Құрбанға (Мақтаарал) бұйырды.
Кастингке облыстың түкпір-түкпірінен 90-ға жуық қыз келген, оның 15-і финалға жолдама алды.
Байқау төрт кезеңнен тұрды. Қатысушылар өз таланттарын көрсетті: ән айтты, биледі, актерлік шеберліктерін паш етті. Сондай-ақ, Қазақстан тарихы бойынша сұрақтарға жауап беріп, қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы айтты. Ал соңғы кезеңде қыздар кешкі көйлекпен жүріп өтті.
Жеңімпазға 300 мың теңге берілді. Енді ол халықаралық сұлулық байқауларында Түркістан облысының намысын қорғайды. Үздік төрт қатысушы қаржылай сыйлықтар алды, ал қалған қыздарға іс-шара серіктестерінен сыйлықтар табысталды.
Әділ қазы құрамында облыстық мәслихат пен облыстық құрылым өкілдері, модель агенттігінің директоры, продюсерлік орталықтың өкілі, сонымен қатар, "Қазақстан аруы - 2016" ұлттық байқауына қатысқан Түркістанның алғашқы өкілі, "Ғаламшар аруы - 2016" қатысушысы Зарина Зағидуллина болды.
Гран-при иегері Ақниет Сәдуақасова Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде оқиды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Посмотреть эту публикацию в Instagram