Үндістан жігіті "Әлем мырзасы-2016" атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үндістан жігіті "Әлем мырзасы-2016" атанды

Ұлыбританияда "Әлем мырзасы-2016" байқауы өтті. Байқаудың жеңімпазы үндістандық 26 жастағы Рохит Ханделвал атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі байқаудың ресми сайтына сілтеме жасап.

Жігіт бастапқыда байқаудың басты фавориті саналған. Оның бойы - 182 сантиметр. Жігіт тележүргізуші және модель болып жұмыс істейді екен.

Miss World Organization компаниясының демеушілігімен ерлер арасындағы сұлулық байқауы 1996 жылдан бері өткізіледі. Сұлулық байқауы екі жылда бір рет өткізіліп тұрады екен. Байқаудың қатысушылары түрлі шараларға, оның ішінде су шаңғысын тебу, тауда велосипедпен жүру және марафон жарыстарына қатысады.

Айта кетейік, Қазақстан 2018 жылы тұңғыш рет "Әлем мырзасы" байқауына қатысады. Қазақстанды байқауда "Мистер Қазақстан" атағының иегері Зафар Сүлейманов таныстырады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети