Қазақстандық модельдер Зарина Ева мен Кристина Менисова мексикалық Vogue журналының мұқабасына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандық модельдер Зарина Ева мен Кристина Менисова мексикалық Vogue журналының мұқабасына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Модельдерді Лос-Анджелесте әйгілі фотограф Дэннис Леопольд суретке түсірген. Ол әлемдік деңгейдегі модельдермен және жұлдыздармен жұмыс істейді. Ал бет әрлеуші ретінде Канн, Венеция және басқа да халықаралық кинофестивальдерде бас визажист қызметін атқаратын Филипп Утер шақырылған.
"Команда мықты болды. Ұмытылмас тәжірибе. Әлемдік деңгейдегі барлық үздік мамандар қатысты. Vogue мұқабасына түсу арман болатын. Бұл журнал мұқабасына алғаш рет қазақ қыздары түсті. Өз еліңді таныстыру - үлкен құрмет. 2021 - қазақстандықтар жылы. Отандастарымыз түрлі салаларда табысқа жетіп жатыр. Мен мұны мақтан тұтамын. Бізді тек сыртқы келбет үшін ғана емес, харизма, жетістік, ерекшелік үшін таңдады. Vogue журналы үшін бұл маңызды. Менің ойымша, бұл - кез келген саладағы жетістіктің құпиясы", - деді Зарина Ева.
Зарина мен Кристина қазіргі уақытта Лос-Анджелесте тұрады, онда олар әйгілі америкалық, еуропалық брендтермен жұмыс істейді және әлемдік подиумды бағындыру үшін жүр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бұрын Зарина мен Еваның суреттері Maxim (Франция және Бельгия), L'Officiel, Elle, Glamour журналдарының мұқабасына шыққан. Зарина қазір Нью-Йорктегі киноакадемияда "актриса" мамандығына оқып жатыр. Қазір Лос-Анджелесте өтетін маңызды түсірілімге дайындық үстінде.
Қыз Нью-Йорктегі сән апталығына, Майамидегі Swim Week-ке қатысқан. Сеулдегі халықаралық сұлулық байқауында Қазақстанның атынан шығып, World Beauty Queen бірінші вице-аруы атағын алды. Режиссер Ермек Шынарбаевтың "Уроки казахского", Ақан Сатаевтың "Томирис", "Бизнесмены", Рүстем Абрашевтың "Қазақ хандығы. Алтын Тақ" фильмдеріне түскен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Қазір сұлулық ұғымы өзгерді. Құндылықтар да. Тартымды көрініс пен әдемі фигураның болуы жеткіліксіз. Ішкі құндылықтар, жетістіктер, харизма маңызды және тұлға ретінде өзіңіз маңыздысыз", - деді Зарина.
Кристина Менисова АҚШ-қа Алматыдан бес жыл бұрын көшіп барған. Ол қазірдің өзінде Michael NGO, Fashionnova, PrettyLittleThing, Michael Costello, Roberto Cavalli, Jovani Dresses сияқты америкалық және әлемдік брендтермен жұмыс істейді. Жақында танымал ELLE Arabia басылымының мұқабасына шыққан.
Қыз Лос-Анджелес пен Майамидегі сән апталығындағы шоуларға қатысқан. Сонымен қатар, Кристина танымал америкалық рэпер Тигамен бірге Ibiza әніне арналған клипке түскен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!